3 C
Алматы
Суббота, 9 ноября, 2024
spot_img

«Еңбекке жарамсыздық парағы»: сақтандырудың сізге қолайлы түрі

Қылышын сүйреп қыс та келіп қалды. Вирус жұқтыру, аяғыңыз тайып жығылып, оқыс оқиғаға тап болу қаупі күрт артты. Ауырып қалсаңыз, жазатайым болсаңыз қаржылық қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Одан сақтанудың жолы бар.

Home Credit Bank бар болғаны 14 900 теңгеге “еңбекке жарамсыздық” сақтандыруын ұсынады. Егер сіз COVID жұқтырсаңыз, сақтандыру полисі ем-домды толық төлейді. Сақтандыру бойынша ең жоғары төлем – 300 000 теңгеге дейін. Полис бір жылға жарамды және нақты төлемдерге кепілдік береді, сонымен қатар уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңінде сізге қаржылық жағынан үлкен демеу болмақ.

Осы орайда, сақтандыру еңбекке жарамсыздықты, жүктілікті немесе босануды қамтымайтынын ескертеміз.

Ал сонда, сақтандыру бағдарламасы қандай жазатайым оқиғаларды қамтиды?
Бұл күтпеген оқиғалар, айталық:
– Жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақаттар;
– ️Тайып жығылу ️ (көктайғақ);
– Фут️бол ойнау, тау спортымен шұғылдану кезінде алған жарақаттар.

Сақтандырудың қалай жұмыс істейтінін іс жүзінде қарастырайық

Сақтандырылған клиент аяғы сынып, алған жарақаты салдарынан  30 күн ауруханада ем қабылдап жатты делік. Бұл жағдайда төлем 7-ден 30-ға дейінгі күндерге барлығы 24 күнді қамтиды және күніне 5000 теңгені құрайды. Барлығы 120 000 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру бойынша ең жоғары төлем 300 000 теңгеге дейін. Осылайша, жазатайым оқиға кезінде тағы 105 000 теңгені және ауырып қалған жағдайда 75 000 теңгені полис төлейді.

Сақтандыруды банк бөлімшелерінде, сондай-ақ онлайн рәсімдеуге болады. Және Home Credit Bank мобильді қосымшасында: «Өнімдер» бөлімінде «Сервистер» бөлімшесіне кіріп, ол жерден «Еңбекке жарамсыздық парағын төлеу» қызметі арқылы сақтандыруға қол жеткізе аласыз.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар