14 C
Алматы
Суббота, 5 октября, 2024
spot_img

«Ең адал» шымкенттік полицей сотталды

Шымкентте “Ең адал” полицейге қатысты сот үкімі шықты. Азамат Айымбетов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлігінің 1 тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, — деп хабарлайды Otyrar.kz

Экс – полицей 700 мың теңге көлемінде пара алғанын мойындаған еді.  Алайда ақша алғанын мойындаса да, қорқытып-үркіту фактілерінің болғанын жоққа шығарды.

Алдыңғы өткен сот отырысында Азамат Айымбетов «кінәмді ішінара мойындаймын.  Ешкімді қорқытқан жоқпын, ешкімді мәжбүрлеген жоқпын. Кінәмді ішінара мойындаймын» деген болатын.

Азамат Айымбетов Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен наурыз айының соңында ұсталған  болатын.

Еске сала кетейік, 2021 жылы Азамат Айымбетов өзінің бастығы болған Мұхтар Бұқарбаевқа қарсы арыз жазған еді. Тіпті, 2022 жылы Президентке үндеу жолдап, Бұқарбаевқа жасаған қымбат сыйлықтары туралы айтқан. Айымбетовтың арызынан кейін полковник Мұхтар Бұқарбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Осы оқиғадан соң, экс полицей Азамат Айымбетов «адал полицей» атанған еді.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар