Fix Price былтыр Қазақстандағы дүкендерінің санын 20%-ға арттырды. Дүкендер саны 337-ге жетіп, жалпы сауда алаңы 72 мың шаршы метрден асты.
Ең көп дүкен ашылған өңірлер — Ақтөбе облысы, Астана және Павлодар облысы болды. 2025 жылы кемінде 60 жаңа дүкен ашу және адамдарды көбірек жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Негізі Fix Price Group 2024 жылы Қазақстанда дүкендер санын 20%-ға арттырып, 57 жаңа сауда нүктесін ашқан екен. Дүкендердің басым бөлігі Ақтөбе облысында (10), Астана мен Павлодар облысында (7 дүкеннен), Қарағанды облысында (5) және Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарында (4 дүкеннен) ашылды.
Fix Price дүкендерінің ассортиментіне күнделікті тұрмысқа қажет тауарлар кіреді. Оның ішінде азық-түлік және сусындар, тұрмыстық химия, косметика, ойыншықтар, үйге арналған тауарлар және тағы басқалары бар. Бекітілген баға стратегиясы тауарлардың құны мен сапасының ең оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.
Былтыр Fix Price Қазақстандағы жұмыс орындарын 15%-ға көбейткен болатын. Жаңа бос жұмыс орындарының басым бөлігі әкімші (45%), жүкші (19%), меңгеруші (19%) мамандықтарына тиесілі болды. Жаңа жұмыс орындары негізінен Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Атырау облыстары мен Астанада ашылды. Fix Price Қазақстанда жұмыс істеп келгелі бері 2 000-нан астам жұмыс орнын құрды.
«Қазақстан нарығы біз үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді. 2024 жылы біз 57 жаңа дүкен ашып қана қоймай, 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын құрдық. Сонымен қатар, біз онлайн-сауда арнасын дамыттық. Осы арқылы дүкендерден онлайн тапсырысты өздігінен алып кету қызметіне сұраныс артты, сондай-ақ серіктес маркетплейстер арқылы тауарларды жеткізу іске қосылды. Бұл біздің өнімдерімізді миллиондаған сатып алушылар үшін қолжетімді етті. Fix Price адалдық бағдарламасы да қарқынды өсіп, жыл соңында қатысушылар саны 880 мыңнан асты. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 57%-ға көп. 2025 жылы біз Қазақстандағы желіні кеңейтіп, кемінде 60 жаңа дүкен ашуды жоспарлап отырмыз», — деді, Fix Price Қазақстан бас директоры Алексей Ермаков.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Fix Price желісі Қазақстанда 337 дүкенді ұстап отыр. Оның ішінде 320 дүкен компанияның меншігінде, ал 17 дүкен франшиза арқылы жұмыс істейді. 2024 жылдың маусымында Fix Price Group PLC Кипрден Қазақстанның Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) қайта тіркелді. Осы арқылы компания Қазақстанда халықаралық серіктестікті нығайту жоспарын растады.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Fix Price дүкендерінің жалпы саны 7 165-ке жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 751 дүкенге көп. Қазақстаннан бөлек, алты елде жаңа дүкендер ашылды.
Fix Price (AIX: FIXP.Y; MOEX: FIXP) – әлемдегі ең ірі төмен бағалар желілерінің бірі. Компания тұтынушылар үшін сұранысқа ие өнімдерді ұсынады әрі азық-түлік емес заттардан және азық-түліктен құралатын ассортиментін тұрақты түрде жаңартып отырады.
2024 жылдың соңында Fix Price желісі 7 165 дүкенді қамтыды. Әр дүкенде 2 000-ға жуық өнім және 20 түрлі санаттағы тауарлар бар. Оның ішіне үйге арналған тауарлар, азық-түлік және сусындар, тұрмыстық химия, косметика мен гигиена және тағы басқалары кіреді. Fix Price өз брендтерінен бөлек, жергілікті өндірушілер мен әлемдік жетекші брендтердің өнімдерін сатады. 2024 жылдың соңында компания 13 тарату орталығын басқарып, 10 елде жұмыс істеді.
2023 жылы Компанияның жалпы түсімі 291,9 млрд рубль, EBITDA көрсеткіші 53,1 млрд рубль, таза пайдасы – 35,7 млрд рубльді (МСФО стандарты бойынша) құрады.