-5.1 C
Алматы
Суббота, 7 декабря, 2024
spot_img

“ҚазМұнайГаз” халыққа акцияларының 5 пайызын сататын болды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өзіне тиесілі 551 698 745 акциясынан 30 505 974 жай акциясын сататын болды. Ол халықтық IPO шеңберінде жүзеге асады. Бір акция құны 8 406 теңге болып белгіленді.

ҚМГ акцияларды AIX биржасына сауда-саттыққа жіберуге өтінім бермек. “Ұсыныс шеңберінде 90,42% акцияларға иелік ететін Қор инвесторлардың кең ауқымына, Қазақстан азаматтарына басымдық бере отырып, 30 505 974 акцияға дейін сатып алуды ұсынуға ниетті. Бұл барлық Акциялардың жалпы санының шамамен 5%-ын құрайды. Қалған акциялар қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі”, – деп мәлімдеді, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

«Осылайша IPO-ның нәтижелері бойынша Қор кем дегенде 85% Акцияларға иелік етуді жалғастырады. Ұсыныстың шеңберінде бір акцияның бағасы шамамен 5,1 триллион теңге мөлшерінде капиталдандыруды болжай отырып, бір акция үшін 8 406 теңгені құрайды. Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 2022 жылдың 9 қарашасында басталып, институционалдық инвесторлар үшін 2022 жылдың 30 қарашасында, ал бөлшек инвесторлар үшін 2022 жылдың 2 желтоқсанында аяқталады»

“ҚМГ жетекші мұнай-газ компаниясы және Қазақстандағы ұлттық компаниялар арасындағы ең ірі компания. Ол көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады”, – деді, ұлттық компания басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, компания елдегі мұнай мен газ конденсатын өндіруде 25% , тасымалдауда 56% және мұнай өңдеуде 82%-ды қамтиды. Біздің шоғырландырылған активтеріміз 15 триллион теңгеден асты. Биыл ҚМГ-ның құрылғанына 20 жыл толды. Қазірдің өзінде компания корпоративтік басқару мен ашықтықтың ең жоғары стандарттарына сәйкеседі, өзінің еурооблигацияларының шығарылымдары арқылы халықаралық және қазақстандық бағалы қағаздар нарықтарында кеңінен танымал, барлық үш жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің халықаралық кредиттік рейтингтері бар, олардың екеуі инвестициялық деңгейдегі рейтинг.

“Үкімет пен Қордың ҚМГ акцияларының бір бөлігін еркін нарықта сату туралы шешімі әлеуетті инвесторларға компанияның акцияларын сатып алуға мүмкіндік береді, Қазақстандағы бағалы қағаздар және қор биржалары нарығының дамуына ықпал ететін болады. Бұл ретте компанияны бақылау Қор арқылы мемлекетте қалатынын атап өтемін. Біз өз тарапымыздан ҚМГ компаниясы инвесторларымыз үшін тартымды болуы және олардың инвестициялық портфельдерінде лайықты орын алуы үшін бар күшімізді саламыз”

Жоспарланған ұсыныстың негізгі аспектілерін растау

  • ҚМГ-да жоспарланып отырған IPO Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында өткізіледі.
  • Қор AIX және KASE қағидалары мен ережелеріне сәйкес қазақстандық және халықаралық бөлшек және институционалдық инвесторларға AIX қазақстандық алаңдарында және Қазақстандық қор биржасында (бұдан әрі – «KASE») акциялар ұсынуға ниетті.
  • Қазіргі уақытта Қорға ҚМГ-ның барлық шығарылған және орналастырылған жай акцияларының 90,42%-ы тиесілі. Ұсыныс шеңберінде Қор 30 505 974 Акцияны сатуға ұсынуға ниетті, бұл шығарылған және орналастырылған Акциялардың жалпы санының 5%-на дейінгіні (610 119 493 дана көлемінде) құрайды. IPO өткізілгеннен кейін Қор акциялардың жалпы санының кемінде 85%-на иелік етеді.
  • ҚМГ ұсыныс шеңберінде жаңа Акцияларды орналастыруды (сатуды) жоспарламайды және IPO-ның нәтижесінде Қор акцияларды сатудан ақшалай қаражат алмайды.
  • Ұсыныс мақсаттары үшін бір акцияның бағасы шамамен 5,1 триллион теңге мөлшерінде капиталдандыруды болжай отырып, 8 406 теңгені құрайды.
  • Акцияларды «KMG» сауда коды (тикері) бар AIX-тің ресми тізіміне енгізу 2022 жылғы 7 желтоқсанда күтіледі, ал AIX-те сауда-саттыққа рұқсат 2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап күтіледі.
  • ҚМГ-ның жай акциялары «KMGZ» сауда коды бар KASE листингіне енгізілген.
  • ҚМГ-ның ағымдағы акционерлері – Қазақстан Республикасының Қоры мен Ұлттық Банкі үшін IPO өткізілгеннен кейін – Акцияларды сатуға немесе өзге де иеліктен шығаруға 180 күндік тыйым салынатын болады (әрбір жағдайда белгілі бір жалпы қабылданған ерекшеліктермен).
  • Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 2022 жылғы 9 қарашада (Астана қ.) уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады және институционалдық инвесторлар үшін 2022 жылғы 30 қарашада сағат 18:00-де, ал бөлшек инвесторлар үшін 2022 жылғы 2 желтоқсанда (Астана қ.) уақыты бойынша сағат 15:00-де аяқталады.
  • ҚМГ және Қор өкілдерінің қатысуымен роудшоуды 2022 жылғы 9 қарашадан бастап немесе осы күнге жақын уақытта өткізу жоспарлануда.
  • Ұсыныстың бірлескен үйлестірушілері мен букраннерлері «BCC Invest» АҚ, «Фридом Финанс» АҚ, «Halyk Finance» АҚ және «SkyBridge Invest» АҚ.
  • ҚМГ Ұсыныстың мақсатында 2022 жылы 7 қараша AIX мақұлдаған Проспектіні ағылшын тілінде әзірледі. ҚМГ Проспектіні қазақ және орыс тілдеріне аударды. Кез келген күмән туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі Проспектінің нұсқасын басшылыққа алу керек. Проспект ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде ҚМГ-ның (www.kmg.kz) және Қордың (www.sk.kz) веб-сайттарында танысу үшін қолжетімді.
Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар