24 C
Алматы
Суббота, 5 октября, 2024
spot_img

Вейп туралы ғылыми зерттеу. Жаңсақ пікірлерді жоққа шығару

Ұлыбританияда вейпке қатысты арнайы зерттеу жүргізілді. Онда вейптің шылымнан келетін зардапты қысқарта алатыны көрсетіледі. Яғни, зерттеу жоғары сапалы клиникалық сынақ барысында құрамында никотині бар электронды темекі шылымқұмарлықтан арылудың тиімді құралы болып табылатынын дәлелдеген.

Сол себепті, электронды темекіні NICE басшылығы, Британдық торакальды қоғамы, корольдік жалпы тәжірибелік дәрігерлер колледжі, корольдік дәрігерлер колледжі, корольдік акушерлік және гинекология колледжі, корольдік акушерлер колледжі және басқа да ұйымдар мақұлдаған. Вейп туралы сенімді ақпарат ұсыну қазіргі қоғамда өте маңызды, өйткені бүгіндері вейпті тұтынып көрмеген шылымқұмарлардың 43%-ы оны темекі шеккеннен гөрі әлдеқайда зиянды деп санайды.

Вейпинг туралы бірінші миф: вейптегі никотин темекідегіден де зиянды

Шын мәнінде олай емес. Соңғы 12 жыл ішінде Дәрілік заттар мен медициналық тауарларды реттеу агенттігіне вейпке байланысты өлім-жітім туралы бес хабарлама келіп түсті (2 жүрек және 3 тыныс алу мүшелеріне қатысты). Вейптің жағымсыз әсері туралы 942 хабарламаның 339-ы тіркеліп, расталды. Алайда, MHRA бұл арада себеп-салдарлық байланыстың дәлелденбегенін баса айтады, өйткені медицина саласының қызметкерлеріне электронды темекінің жағымсыз әсеріне күмән-күдік туындаса да хабар беру ұсынылған.

Сонда жылына ауруханаға түсудің 500 мыңнан астам жағдайы темекі шегумен байланысты орын алады. Ал вейпке қатыстысы тек 420 жағдай.

Вейп тұтыну кезіндегі улы химикаттардың әсер ету деңгейі темекі шегу кезіндегі деңгейдің шамалы ғана үлесін құрайды. Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап Ұлыбританияда адам денсаулығына қауіп төндіретін кез-келген түрдегі, яғни қыздырылған немесе қыздырылмаған никотинді құрайтын сұйықтықты электронды темекіге қолдануға тыйым салынған. Тыйым салынған химиялық заттарға дәрумендер мен диацетил жатады.

Вейпинг туралы екінші миф: вейп темекіге қарағанда тәуелділікті көбірек тудырады

Шын мәнінде олай емес. Никотинге тәуелділік өнім мен оны қолдану әдісіне байланысты. Шылым шегуді бастағаннан кейін тәуелділіктің туындауына жол беруші ең үлкен қауіп – құрамында никотині бар түтінді ішке тартқанда оның өкпеге және одан миға тиімді әрі төзімді сіңірілуін анықтайтын темекі құрылымымен байланысты.

Бір рет темекі шегіп көрген адамдардың үштен екісі кем дегенде біраз уақытқа дейін күнделікті темекі шегетін адамдарға айналады. Темекіден бас тарту үшін орта есеппен 30 рет бағын сынап көру қажет, негізі көпшілігі мұндайда сәтсіздікке ұшырап жатады. Ал көптен бері темекі шегетіндердің үштен екісі осы тәуелділіктің кесірінен ауруға шалдығып, мезгілсіз қайтыс болады.

Шылымқұмарлыққа байланысты никотинге тәуелділіктен зардап шегіп, кейіннен вейпті қолдануға көшкен адамдарда тәуелділік сол күйі сақталып қалуы мүмкін, бірақ олар әлдеқайда зиянды темекіге қайта орала бермейді.

2012-2019 жылдар аралығында АҚШ-та жүргізілген зерттеулер шылымқұмарларға қарағанда бұрын темекі шегіп көрмеген, бірақ вейп пайдаланатын жастар никотинге тәуелділікке әлдеқайда аз ұшырайтынын көрсетті. АҚШ-та электронды темекідегі никотин концентрациясына қатысты ешқандай шектеулер жоқ және ол Ұлыбританияда рұқсат етілген 2% немесе 20 мг/мл-ден әлдеқайда жоғары (5% немесе 50 мг/мл).

Дегенмен, бұл бағыттағы зерттеуді жалғастыру маңызды, өйткені вейп өнімдеріне тәуелділік деңгейі уақыт өте келе өзгеруі мүмкін екенін танытатын кейбір белгілер бар.

Вейпинг туралы үшінші миф: Бір рет қолданылатын вейпте 50 тал шылымның құрамындағы никотин бар

Шын мәнінде олай емес. Бір реттік вейптің құрамында 50 тал шылымдағы никотин мөлшері бар деген тұжырым, мысалы, Times, The Mail, the Daily Express және Cosmopolitan сияқты басылымдарда қайталанады, олар кейде дереккөздерге сілтеме береді, кейде сілтемесі де жоқ. Бұл тұжырым шындыққа еш жанаспайды.

Темекіде, әдетте бір тал шылымда 10-15 мг никотин болады, демек бір темекі қорабындағы 20 шылымда никотин мөлшері 200-300 мг құрайды. Ал никотиннің рұқсат етілген ең жоғары деңгейін қамтитын стандартты британдық бір реттік вейпте (20 мг/мл) 2 мл сұйықтық бар, ол 40 мг никотинді құрайды.

Орташа есеппен алғанда, әрбір шегілген шылымнан адамның қанына 1,0-ден 1,5 мг-ға дейінгі мөлшерде никотин түседі, бұл 20 шылымнан тұратын темекі қорабына 20-дан 30 мг-ға сай келеді. Темекі шеккенде никотиннің көп бөлігі пассивті түрде ауаға кетеді.

Орташа есеппен алғанда, вейптегі никотиннің шамамен 50%-ын вейп шегуші ішіне тартып алады. Ол 20 мг никотинді құрайды, бұл темекі қорабындағы 20 шылымды шегу кезінде алынатын орташа мөлшерден аз.

Вейпинг туралы төртінші миф: вейп шегу сөзсіз шылымқұмарлыққа әкеліп соқтырады

Шын мәнінде олай емес. Егер вейп халықты темекі шегуге апаратын жол болса, онда вейп тұтынысы өскен сайын темекі шегу деңгейі өсуі керек еді. Керісінше, 2010-2021 жылдар аралығында, Англияда электронды темекіні пайдалану деңгейі төменнен жоғарлаған кезде, жасөспірімдер арасындағы темекі шегу деңгейі төмендей бастады, осылайша зерттеулер «айналдыра шегу» тұжырымын жоққа шығармаса да нақтыламады.

NHS digital мәліметтерінше, бүгіндері Англиядағы 11-15 жас аралығындағы темекі шегу деңгейі 2010 жылғы 9%-дан 2016 жылы 6%-ға және 2021 жылы 3%-ға дейін төмендегенін көрсетеді.

16+ жастағылар арасында темекі шегушілер деңгейі 2010 жылғы 20% -дан 2016 жылы 18%-ға, 2021 жылы 12%-ға төмендеген.

Вейпинг туралы бесінші миф: никотин жастардың миына зиян келтіреді

Никотинді алмастыру терапиясы (НАТ) ДДҰ-ның халықтың медициналық көмекке деген бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті негізгі дәрі-дәрмектер тізіміне кіреді, өйткені тиімділік, қауіпсіздік және салыстырмалы рентабельділік жағынан бұл ретте нақты дәлелдер бар. НАТ-тың тек ересектер ғана емес, сонымен қатар 12 жастан асқан жастардың, жүкті әйелдер мен жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдардың темекі шегуден бас тартуы кезінде қолдануға рұқсат беретін MHRA лицензиясы бар.

Дәлелдерге жүйелі жүргізілген шолуларда никотинді және никотинсіз электронды темекінің балалар мен жасөспірімдердің дамуына, сондай-ақ неврологиялық ауруларға әсері туралы деректердің жеткіліксіздігі немесе мүлде жоқ екендігі туралы қорытынды жасалады.

Ұлыбританияда шылымқұмарлардың 90%-ға жуығы темекі шегуді 10 мен 20 жас аралығында бастаған, бұл көптеген ғасыр бойы айтылып, анықталып келеді, сондықтан жасөспірімдердің миына темекінің әсері туралы ұзақмерзімді мәліметтер бар. 11 жыл бойына IQ сыналып отырған, 1932 жылы туылған балалар тобында жүргізілген шотландтық зерттеу 70 жаста ешқашан темекі шекпегендер мен бұрын шылымқор болғандар арасында когнитивті айырмашылықтар болмағанын көрсетті. Егер Iq емес басқа жағын қарастырсақ, когнитивті функция мен егде жаста темекі шегу арасында аздап теріс байланыс бары байқалады. Егер жасөспірімдердің темекі шегуі когнитивті функцияға зиян келтірмесе, онда жасөспірімдердің вейп шегуі осындай залал тудыруы мүмкін дегенге негіз жоқ.

Вейпинг туралы алтыншы миф: балалар вейпті дәмі ұнағандықтан шегеді

Балалардың вейп шегуіне басты себеп  – «бір рет көрсем» деген қызығушылығы, мұны темекі шеккендердің төрттен бір бөлігі (26%) және ешқашан темекі тартпағандардың жартысынан көбі (54%) нақтылаған. Келесі ең көп таралған себептің бірі – “басқалар пайдаланады, неге оларға қосылмасқа» (басқалардан қай жерім кем). Яғни, қатарластары өздеріне тартып, осылай қысым көрсетеді, мұны темекі шегетіндердің 21% және ешқашан темекі шегіп көрмегендердің 18% нақтылаған. Үшінші орындағы себеп – “дәмі ұнайды”: темекі шегушілердің 16%-ы және темекі шекпейтіндердің 12%-ы вейп шегіп көруге деген қызығушылықтағы мақсаты осы екенін айтқан.

Дәмін көруге салынған тыйым немесе шектеу темекіні тұтыну қаупін арттырады. Электронды темекіге дәм келтіру қоспаларын пайдалануға тыйым салынған АҚШ-та сауда-саттық деректері электронды темекі сатылымының төмендегеніне қарамастан, темекі тұтынысының айтарлықтай артқанын көрсеткен.

Бристоль университетінің ғалымдары әзірлеген шешім қабылдау құралы қолда бар деректерге сүйене отырып, хош иістендіргіштерді қолдануға тыйым салу темекі тұтынысы өсіміне әкеліп соқтырады деген қорытындыға келген.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар