22 C
Алматы
Суббота, 20 апреля, 2024
spot_img

Home Credit Bank теңгедегі депозиттер бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені 17,5%-ға дейін өсірді

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейлі банктерге депозит мөлшерлемесін көтеру бойынша ұсыныс білдірді.

Чехиялық Home Credit Bank – отандық банктердің ішінен алғашқылардың бірі болып, ұсынысты жүзеге асырып отыр. 29-шы қазаннан бастап, Home Credit Bank депозиттер мен депозиттік сертификаттар бойынша 17,5% көлеміндегі ең жоғары жылдық тиімді мөлшерлемені бекітеді.

Сонымен қатар, банк жыл басынан бері төртінші рет «Простой» депозиті бойынша жаңа салымшылар үшін ғана емес, өзінің бар клиенттеріне мөлшерлемені автоматты түрде көтеруде. Оның үстіне, банк тарапынан мөлшерлемені көтеру Депозиттерге кепілдік беру қорының хабарламасынан кейін келесі күні автоматты түрде жасалады.

Бұл жолы «Простой» депозиті бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 15,5%-ға дейін өсті. Депозиттерді банк филиалдарында ғана емес, Home Credit Bank мобильді қосымшасында немесе веб-сайтында да онлайн ашуға болады.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар