22 C
Алматы
Пятница, 19 апреля, 2024
spot_img

«Әділетті Қазақстан» әділетсіз қазақтарды қайда құртпақ?

«Жаңа Қазақстанда» Тоқаев бастап, қалғаны қостап, әділдік туралы көп әңгіме айтып кетті.

Қазақстанның көк паспортын «әділдік символы» деп бағалап жатыр екенбіз. Әрине, әділетті ел болғанға не жетсін?

Бірақ

Бірақ Қазақстанда бір үлкен проблема бар: бұл елде әділетсіз адамдар өте көп. Олар тек онысын мойындамайды. Әсіресе билікте. Үш директордың екеуі әділетсіз. Бес әкімнің төртеуі әділетсіз адам. Әділетсіз жүйеде депутат болып алғандардың жартысының тұла бойы әділетсіздікке толы. Егер біреу арнайы тестер ойлап тауып, шынымен тексеріп көрсе, солай болып шығады.

Сол әділетсіз пенделер қазіргі қызметтерінде отырғанда біз ешқашан «әділетті Қазақстан» құра алмаймыз ғой? Шындыққа тура қарайық.

Әділетсіздерді «әділдеу адам» қылып қайта тәрбиелейтін анонимді тегін психологиялық көмек орталықтарын ашамыз ба,

ҚАЙТЕМІЗ?

Енді, әділетті Қазақстанда әділетті басшылар болуы керек екені айтпаса да түсінікті ғой?!

Не істейміз? Бұл мәселені қазіргі депутаттардың ешқашан көтермейтіні белгілі.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар