18 C
Алматы
Четверг, 25 апреля, 2024
spot_img

Тоғжан Қожалы сайлауға неге түспейді?

Тоғжан деген есімінің өзі қандай, ә?

Белсенді десең, белсенді. Саясатты көбімізден артық соғады. Қазақтың қызы. Тіпті қазақшасы қазіргі президенттің деңгейінен кем емес. Жасына қарамастан, әлі де «ұрып тұрған» келісті келіншек.

Әлгі бір «Финляндияның президентін-ай, Хорватияның президентін-ай» деп тамсанатын, қатты қызығатын қазақ неге өзіне осы бір әп-әдемі әйелді президент етіп сайлай алмайды? Кімнен кембіз?

Квазимемлекеттік секторда талай жылдық еңбек өтілі бар екен. Бұл кісі кандидат болып тіркеліп алса, қарт-құртаңнан тұратын қалған үміткерлерің жолда қалатын сияқты.

Қазақ халқы күн сайын Тоғжандай аруын экраннан көрсе, шетелдік сапарларға шыққанда «қазақтың президентін қараңдаршы» деп әлемдік баспасөз аузынан суы құрып, ах ұрып жатса, жаман болмас еді. Еркек кіндіктінің басым бөлігі Тоғжанды қолдап, дауысын беретіні анық. Қараңдаршы-ей, күшті ғой, шынымен:

Тек бір «әттең-ай» дейтініміз, «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» демекші, Тоғжанның атышулы Бекболат Тілеуханның келіні екені қазақтың көңіліне селкеу салуы мүмкін.

Небір қиқар мінезі мен қисық сөздерімен халыққа ұнамайтын Бекболат атасының кесірі келініне осылай тиюі мүмкін.

Содан шығар, Тоғжан Қожалы бүгін-ертең тегін ауыстырғалы жүр деседі.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар