14 C
Алматы
Суббота, 5 октября, 2024
spot_img

Стати Қазақстанды «айырып» тастап, өзіне модель қызды әйел қылды

Әкелі-балалы Статилердің кішісі, миллионер Габриель Стати модель Анастасия Фотакиге үйленді. Жас жұбайлар Молдовада тойларын дүркіретіп жасады да, «бал» айын Парижде өткізді.

Габриельдің көңіл-күйі жақсы болуы заңды. Статилер Қазақстанды халықаралық соттардың барлығында тізе бүктіріп келеді. Және «Жаңа Қазақстан» басшылығы Статидің талабы әділ екенін түсінетін сияқты. Демек, Қазақстан ресми түрде келесі жылы Стати талап етіп отырған 500 миллион долларды санап беріп, өз жеңілісін мойындауы мүмкін.

Модель Анастасия Фотаки Молдовадағы ең әдемі қыздардың бірі болып есептеледі. Кезінде эскортта жұмыс істеген. Оның бойы 175 сантиметр, ал фигурасының көрсеткіштері 80-63-94.

Ascom Group президенті және жалғыз акционері, халықаралық инвестор Анатолий Стати және оның ұлы Габриель Стати Қазақстанмен 2013 жылдан бері соттасып келеді. Олар кезінде «Боранкөл» және «Толқын» кен орындарын сатып алып, инвестиция салған болатын. Бизнестері пайда әкеле бастаған жылы Қазақстандағы рейдерлік топтың назарына іліккен. Рейдерлік топ түрлі қылмыстық істермен қорқытып, олардың бизнесін тартып алады. Артынан Статилер Қазақстанды халықаралық сотқа береді.

Анатолий Стати бұл қылмыстық топтың артында Кәрім Мәсімов, Қайрат Боранбаев пен Бауыржан Бәйбек үштігі тұрғанын бұрын да хабарлаған болатын. Қазір екеуі қамауда, ал Бәйбек Солтүстік Кипрде жасырынып жүр.

Статидің бизнесін тартып алып, Қазақстанды халықаралық жанжал орбитасына шығарғанымен қоймай, қылмыстық рейдерлік топ «Стати сотынан» қырғын ақша тапқан. Кезінде Әділет министрі болған Марат Бекетаевтың жұмыстағы барлық уақыты осы Стати сотымен айналысумен өтті. Бұл іске Бауыржан Бәйбек құрған «Bolachak Consulting Group» фирмасы тартылған. Ол фирма өз кезегінде Қазақстан атынан халықаралық заңгерлік компанияларды жалдап, ондағы АҚШ, Италия, Швеция, Люксембург юрисдикцияларында біздің құқығымызды қорғаған адвокаттарға орасан зор қаржы төледі. Мысалы, бір адвокаттың жұмысына сағатына 700 доллардан төленген. Яғни, жемқорлық кесірінен басталған сотта біздің құқығымызды қорғаудың өзі керемет жемқорлыққа әкеліп соқты. Егер прокуратура «Bolachak Consulting Group» фирмасын жіті тексеретін болса, онда небір «қызықты фактілер» анықталатынына еш күмән жоқ.

Статиді қандай жолмен болса да тізе бүктіру — Назарбаев кланының принципиалды позициясы болды. Себебі, халықаралық сотта жеңілсе, олардың жемқорлық-рейдерлік схемаларының бәрі ашылатын еді. Сондықтан олар ақша аямады. Ол шығынның барлығы қазір де бюджеттен, халық есебінен төленіп отыр.

Бірақ, Қазақстанның Әділет министрлігі әлі күнге дейін, «Статимен соттасуға» нақты қанша қаржы кеткенін жасырып отыр. Сот процесстерінің 9 жыл бойы түрлі елдерде бір уақытта жалғасып келе жатқанын ескерсек, аз ақша емес екені түсінікті.

Және ең қызығы — бұл іс экономиканы тұралатып отыр.  Тіпті Статиге ақыр аяғында төлейтін 500 миллион доллар, әрі біздің есебімізше 30 миллион доллардан кем түспейтін адвокаттарға кеткен шығынды есептемегенде, Люксембургта ERG корпорациясының табысынан бізге түсуі тиіс дивидендтер бұғатталып отыр. Олар арнайы шотта жинақталуда. Бұл туралы бөлек материалда жазамыз.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар