-4.1 C
Алматы
Суббота, 7 декабря, 2024
spot_img

Мемлекеттің иесі қазақ екенін көрсететін қадам қайда?

Тоқаев кімге арқа сүйейді? Әрине, билікке келген әр президенттің арқасүйер тұғыры болуы керек.

Мәселен,

Путиннің «импершіл-теледидарбастары» бар.

  • Жаппаровты қырғыздар абақтыдан арашалап алып президент еткен.
  • Зеленский әділ сайлауда ел сеніміне ие болған.

Кімді, қай президентті алмаңыз, оның артында оған сенім артқан саяси, яки әлеуметтік топ бар. Яғни, сенім мандаты бар.

Ол топ «біз сені президент еттік, енді сен бізге қызмет ет» деуге хақылы.

Біздің президент Тоқаевта ше?

Туитердегі екі-үш сөйлем жазудан басқа ол сенатта, яки одан бұрын жалпы халықтың көңілінен шығар бір іс істеп пе еді? Халық сеніміне ие болуға сынық-сүйем қадам жасай алды ма?

Мысалы, Алтынбек пен Заманбек бола алмаса да, әлгі Сапарбаев, Тасмағамбетов, Көшербаевтар секілді публикаға ойнау, жаманды-жақсылы жүзін халық жаққа бұруға болмас па еді?

«Назарбаевті он орап аларлық білімі болса да, тасада бой жасырып жүрді» дерсіз. Енді не кедергі? Халықтың сеніміне ие болу үшін Қаңтардан кейінгі сегіз ай аз уақыт па?

Сол сегіз айда әлдебір ауыл қазағын қабылдап құшағына қысса, қара халықтың ұсақ та болса, әлдебір проблемаларын шешсе, жүргізіп жатқан саясатының дұрыс екенін көрсететін жалпыхалықтық игілікті іс істесе, оның қолын кім байлапты?

Жаңа облыстар ашу, Елорданың атын ауыстыру, сансыз жалаң уәде беру қазақты қуантпақ емес. Қазақ мемлекеттің иесі тек қана қазақ екенін көрсететін қадамдарды қолдайды. Қазақ бағып отырған малын жаятын жер болса дейді. Қазақ өз тілінде заманға лайық білім алуды қалайды. Қазақ өз тілінде бизнес жасағысы келеді. Қазақ өз өнімін өндіріп, сонымен мақтануды қалайды. Айта берсе көп қой…

Тоқаев алдымен өзі таза қазақ болуға талпынса, соның өзі бұқара сеніміне әсер етер еді.

Иә, Назарбаев сенімі президенттік тақ сыйлаған, ашық сайлауда Қосановтан жеңілген, я тең түскен, Қаңтар қырғынынан кейін ғана толыққанды ел тізгінін қолға алды делінетін Тоқаев

бұл сайлауда да халыққа арқа сүйей алмайтыны көрініп тұр.

Сосын, шеттен келген қашқындарға Мусин арқылы құшағын жаймағанда қайтеді? Сол құшақты Қаңтарда алаңға шыққан «жиырма мың террористке» жайып жіберсе, бұл сайлауда нағыз сенім мандатына ие болмас па еді.

Астананың атын өзгерте беруге арланбағанда, өз қазағына құшақ жаюға арлана ма?

Тәуелсіз журналист Қанат Әбілқайырдың facebook-тегі жазбасы

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар