14 C
Алматы
Суббота, 5 октября, 2024
spot_img

Дәмелері дамбалдай екен

Бізде ешқандай оппозиция жоқ. Шолақ белсенділер бар.

Оларда не тәжірибе, не білім жоқ. Простой протоколдың положениесін білмейді.

Дипломатиялық деңгейлері нөл. Ал, дәмелері дамбалдай.

Өзін оппозиция санап жүрген ырбақайлар әбден қартайған. Егде тартқан еріккендер қыртыс-қыртыс кастюмін үтіктеп алсын әуелі.

Тізесі шыққан әңгімеге алданып саяси технологияны өткізіп алған. Қолындағы смартфонның тілін түсінбейтін шау тартқан шолақ белсенділер елге ие бола алмайды. Это 100%.

Сатылмаған сау-тамтығы жоқ.

Назарбаев дәуірінде ақшаға иланғандар қазір де сатыла салуға дайын. Так что, оппозиция деген сөздерінің өзі абсурд. Сандырақ.

Айқайға аттан қосып жүрген сол шолақ белсенділер алдағы Президенттік сайлауға иек созыпты. Мейлі. Кеңірдегің жыртылғанша айғайла, бірақ сендерден түк шықпайды.

Сендер сөзден басқа ештеңе бітірмедіңдер. Ал, істеген істерің дым жоқ. Нөл.

Так что, алдағы Президенттік сайлауда Тоқаевқа лайықты қарсылас табылмайды. Просто, достойный соперник жоқ. Сондықтан, шаппай бәйге болуы да мүмкін.

Ербол Мәндібек, журналист

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар