20 C
Алматы
Среда, 24 апреля, 2024
spot_img

TikTok Astana Hub-пен бірлесіп стартаптарға арналған білім беру жобасын іске қосады

TikTok қысқа бейнероликтерді түсіруге арналған жетекші платформа және Astana Hub Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі халықаралық технопаркі Digital Bridge 2022 форумы аясында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Келісімнің негізгі ережесі қазақстандық стартаптарға арналған эксклюзивті білім беру бағдарламасы — TikTok StartUp Academy бірлескен жобасының іске қосылуы болды. Сондай-ақ, Astana Hub және TikTok платформада байқау жариялайды, оның шеңберінде стартаперлер платформаның миллиондаған қоғамдастығына өзінің бизнес-идеясы туралы айтып, Astana Hub бас директорынан тәлімгерлік алуға және басқа да бағалы сыйлықтарға ие болады.

TikTok әр түрлі деңгейдегі бизнеске әртүрлі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді — өнім туралы білімді арттырудан бастап сатылымның өсуіне дейін. Көптеген компанияларға, соның ішінде шағын және орта компанияларға TikTok-пен бірге өсуге көмектесу үшін платформа өңірдің ең ірі технопарктерінің бірі Astana Hub-пен бірікті: олар бірге TikTok StartUp Academy стартаптарына арналған білім беру жобасын іске қосады. Жоба аясында кәсіпкерлер TikTok маркетингтік құралдарымен танысады, классикалық жарнаманың орнына ерекше контетті құруды үйренеді және платформада қалай жетістікке жету мен өз өніміне қоғамның назарын қалай аударуға болатынын үйренеді.

Жобаға қатысуға Fintech, E-com, Games&Apps, Foodtech, Edtech, Entertainment, Health&Wellness салаларындағы технологиялық стартаптардың өкілдері шақырылады. Жобаға қатысу тегін, бірақ орын саны шектеулі. 300 стартап TikTok for Business сарапшыларымен вебинарларға қол жеткізе алады, ал емтиханды сәтті тапсырған алғашқы жиырма қатысушы Астанадағы офлайн-воркшоптарға барады. Оқу қорытындысы бойынша үздік жобалар TikTok-та ілгерілетуге гранттар алады.

Қатысуға өтінімді 9 қазанға дейін TikTok StartUp Academy ресми парақшасында беруге болады. Бағдарламаның ресми ашылуы 14 қазанда өтеді. Оқыту бағдарламасы он күнге есептелген: вебинарлар күн сайын 17-21 қазан аралығында өтеді, ал офлайн-воркшоптар Астанада 26 және 27 қазанда өтеді.

«Қазақстанда TikTok-қа бизнес тарапынан қызығушылық артып келеді және біз кез келген ауқымдағы компанияның біздің қоғамдастыққа қосылуын және өз ісімізді бізбен бірге дамытуын қалаймыз. Соның ішінде, инновациялық компания бола отырып, біз технологиялық жас бизнесті қолдағымыз келеді және осы мақсатта біз Қазақстан мен Орталық Азиядағы ІТ — стартаптардың ірі технопаркі-Astana Hub-пен күш біріктіргеніміз қисынды. TikTok StartUp Academy аясында біз кәсіпкерлерге TikTok және Astana Hub үздік сарапшыларының тәлімгерлігімен жаңа білім алуға және жаңа биіктерге жетуге мүмкіндік беретін бірегей тәжірибені табыстаймыз, ал үздік қатысушыларға арналған гранттар оларға өздерінің батыл идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Global Business Solutions, TikTok Шығыс Еуропадағы бас директоры Анастасия Панина.

«Astana Hub пен TikTok арасындағы ынтымақтастық қазақстандық стартаптарға өз қызметтері мен өнімдерін жаһандық аудиторияға тиімдірек ілгерілетуге мүмкіндік береді. TikTok-пен серіктестік Қазақстанның және Қазақстандық IT-экожүйенің танымалдылығын еселеп арттырады, бұл елге инвестициялар мен жаңа IT — компанияларды тартады деп сенемін», — деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Сондай-ақ, Astana Hub және TikTok платформада байқау жариялайды, оның шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер өз жобасы туралы платформаның миллиондаған қауымдастығына айтуға мүмкіндік алады. Авторлардың видеосы креативті бейне форматта автордың бизнес-идеясын ашып көрсетуі, сондай-ақ конкурстың қазылар алқасы мен платформа қауымдастығын жобаның перспективалылығына сендіруі тиіс. 28 қыркүйектен бастап 28 желтоқсанға дейін конкурс қатысушылары TikTok-қа кемінде 36 ролик түсіріп, орналастыруы керек. Байқау жеңімпазы Astana Hub сарапшылары таңдайтын ең жарқын және креативті жобаның авторы болады: ол стартаптарды дамытуда өзінің білімі мен тәжірибесімен бөлісетін Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиевтің тәлімгерлігімен жұмыс істеуге бірегей мүмкіндік алады. Екінші және үшінші орын алған қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болады.

TikTok туралы

TikTok-бұл қысқа бейнелер жасауға арналған жетекші қосымша. 

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар