4 C
Алматы
Суббота, 9 ноября, 2024
spot_img

Жұмыс істемейтін тиымдар депутаттарды да алаңдатты

Халық қалаулыларының айтуынша, вейпке шектеу қою бюджеттік түсімді азайтып, ел ішінде қылмысты ушықтыруы мүмкін. Сол себепті, Үкіметке депутаттық сауал жолданып отыр.

Жақында ҚР Парламенті Мәжілісіне «Темекі нарығы операторлары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Малика Цхайдан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ел ішінде вейпке (никотинді электронды жүйемен жеткізуші құрал) шектеу қой турасындағы бастамасына қатысты хат келіп түскен. Дәл осы мәселеге қатысты депутаттар да өздерінің ойын білдіріп, Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жүгінді.

Соңғы уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вейпті халықтың тұтынуына қатысты мәселе көтеріп жүргені белгілі. Министрлік бұл мәселені шешу үшін ел аумағында вейпті қолдануға заңды түрде шектеу қоюды ұсынған-ды. Олар осылайша кәмелеттік жасқа толмағандарды вейпті қолдануына шектеу қоюды көздеп отыр. Әрине, бесіктен белі шықпаған жастардың вейп, ішімдік пен темекіні тұтынуы жақсылықтың нышаны емес. Бірақ елімізде бұл мәселені реттейтін арнайы заңдар бар екенін қауымдастық депутаттарға жолдаған хатында көрсеткен.

Айталық, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 110 тармағына сәйкес вейптерді сауда орындарында темекі өнімдерімен бірге жабық сөрелерде сатуға болады. Бұл үшін арнайы заң шығарудың қажеті жоқ. Сонымен қатар аталған Кодекске сәйкес вейпті 21 жасқа толған азаматтарға ғана сатуға болады.

Өкінішке орай, заңда көрсетілген бұл нормалар көп жерде сақтала бермейтінін жасырудың жөні жоқ. Өйткені бізде мемлекеттік бақылау әлсіз. Оның үстінде елімізде қандайда бір өнімдердің тұтынуға қатысты шектеу қою өз деңгейінде орындалмайтынын да жасырын емес.

Дәл осы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылдың наурыз айында еліміздегі қоғамдық орындарда жұрттың калаян шегуіне шектеу енгізу бастамасы сәтсіздікке ұшырағаны есімізде. Бұдан кейін министрлік 2020 жылы 6 тамызда қоғамдық орындарда кальян шегуді шектейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мәжбүр болды.

Еліміздегі кафе, мейрамханаларға бас сұққан адам бұл шектеудің мүлде жұмыс істемейтініне бірден көз жеткізе алады. Сол сияқты Денсаулық сақтау министрлігінің вейпті шектеуге қатысты шектеуі де жұмыс істейтіні айдан анық. Егер бұл шектеуді енгізетін болса, кәсіпкерлер көлеңкелі бизнеске кетіп, мемлекет қазынасы миллиондаған салықтан қағылады.

Осыдан біршама уақыт бұрын ел азаматтары бұл шектеудің орынсыз екенін айтып, арнайы петиция ұйымдастырып, 100 000-нан астам (жүз мың) адам қол қойып, Денсаулық сақтау министрлігіне жолдаған болатын. Өкінішке орай, ведмоство басшылығы бұл петицияға назар аудармағанын білеміз.

Бұл ретте дамыған елдердің іс-тәжірибесіне сүйеніп, олардан үлгі алудың маңызы зор. Бірден шектеу қою, адам құқығына қол сұғу болып табылатынын ұмытпауымыз керек. Мәселен Англия, Швеция мен Жаңа Зеландияның атқарушы билігі азаматтардың шылым шегуін шектеу үшін түрлі жолдарды ұсынып, жұртты жігерлендіретінін білеміз. Айталық, темекіні тұтатып, адамдар оның түтінін ішке сорғанда никотин көп мөлшерде ағзаға енеді. Ал вейпте пайдаланғанда никотин адам ағзасына бұлайша көп түспейтіні белгілі. Осылайша халықтың зардабы ауыр темекі өнімдерін вейппен алмастырып, олардың денсаулығын сақтауға үгіттеудің маңызы зор. Бірден вейпке шектеу қоймай, осындай қадамдарға барған тиімді.

Осы ретте Парламент қабырғасындағы бірқатар депутаттарда вейпке бірден шектеу қою терең ойланбай жасалған қадам екенін айтуда. Өз кезегінде халық қалаулылары ел ішінде вейпті қолдануға қатысты өздерінің ұсыныстарын, хаттарын Үкіметке жолдады. Депутаттар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 65-бабына сәйкес, Үкіметтен арызды қарап, өздері мен арызданушы қауымдастыққа жауап беруді сұрады. Депутаттар Әлихан Смайыловқа жолдаған үшбу хатында Темекі нарығы операторлары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұсынған төмендегі ұсыныстарды да саралап, қарап шығуды өтініп отыр.

  • темекі өнімдерімен бірге вейптің нарыққа заңсыз кіргізілгенде тәркілеп, жою сынды мемлекеттік қадағалауды жүргізу ісін жергілікті атқару органдарына қарасты құқық қорғау қызметіне тапсыру;
  • дұрыс таңбаланбаған вейп пен оған қолданылатын сұйықтықты нарықтан алу;
  • рұқсат етілген никотин дозасына, қаптамаға, ескертулерге және таңбалауға қатысты нормативтік талаптарды қабылдау;
  • темекі өнімдерін, оның ішінде вейптерді сатуға тыйым салуды бұзғаны үшін бөлшек сауда орындарының қызметін тоқтатқанға дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту;
  • білім беру ұйымдарында темекі өнімдерін, оның ішінде вейптерді тұтынудың зиянын түсіндіру бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу және оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салу.

Егер вейпке бірден шектеу қойлатын болса, вейпке қатысты акциздер мен салықтар түріндегі республикалық бюджеттің түсім бірден төмендеп, мұның соңы ел ішінде қылмыстың өсуіне әкеп соғуы мүмкін. Шектеу салынса, халық вейпке деген сұранысын заңсыз сауда арқылы қанағаттандыратынын да ұмытпаған жөн.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар