-4.1 C
Алматы
Суббота, 7 декабря, 2024
spot_img

Күйеуім порно көргіш. Не істеймін?

Жанында жүрген, қасында жатқан маған қарамайды!

Ол келіншек бір күрсінді:

— Басқаны қайдам, жігітпен менің жолым болмады. Төсегіміз қартаймай жатып суып кетті. Неге екенін айтайын ба, деп маған қарады.

«Айта бер енді» дегесің ғой:

— Күйеуіммен төсекте өте сирек боламын. Айына ары кетсе, бір рет қана. Оған тұрмысқа шықпай тұрғанда басқаша секілді еді. Қазір өзін өзгеше ұстайды. Үнемі шаршап келдім, ауырып тұрмын, көңіл-күйім болмай тұр, деген сылтау айтады. Бір көрпенің астында жатқан соң секске көңілің шабады. Сүйгеніңнің құшағында бір құмардан шықсам деп ойлайсың. Сондайда денесіне қол жүгіртсем, «сен-ақ қышынып жүреді екенсің, маза берші», деп шоршып түседі. Өкпелеп жастығымды құшақтап теріс қарап жатамын. Бір күні ұятты жинап қойып, күйеуімнен сұрадым: «Сен неге маған дегенде қозбайсың. Әлде, басқа адамың бар ма?». Ол «жоқ» деді. Бірақ бір нәрсені жасырып жүргендей көрінеді. «Шыныңды айтшы, онда неге менімен төсекте болғың келмейді. Әлде ұнамаймын ба?» дедім. Тықақтап сұрап болмаған соң ол бар шындықты жайып салды:

Сөйтсем күйеуім интернеттен порноны жиі көреді екен.

«Соларды көріп, қызығамын. Тыр жалаңаш әдемі қыздар. Сұрапыл төсек қатынастары. Оңашада соларға қарап отырып, өзімді өзім уқалап, шауһатты шығарып тастаймын. Жастайымнан интернеттен порно көріп, сондай тірлікпен «айналысып» келемін. Содан болар, төсекте әйелмен жатқанда еш қызығушылығым оянбайды. Порноны көре-көре соған үйреніп кеткенмін. Қазір өкінемін. Тіпті сенің алдыңда төсекте қабілетісіз болып қалғаныма ұяламын. Бірақ порно көріп, онанизммен айналысуды қоя алмай келемін. Мұның қасіреті жаман екен», деді күйеуім.

«Психологқа барайық. Жағдайды айтайық. Бәлкім, көмек болар» деп едім, күйеуім қолын бір сілтеді.

Міне, өміріміз осылай өтіп жатыр. Төсекте бір умаждап құмарымды қандырмайды ғой. Осылайша жастық шақтың бар қызығынан қағылып жүріп жатырмын. Кейде подружкаларым күйеулерімен, жігіттерімен төсек қатынасында қалай болғандарын әңгімелеп қалады. Қызығып кетемін. Сондайда менікі не жүріс, не ажырасып, не көңілдес тауып алу керек еді, — деп ойлап қоямын, деді ол.

Апыр-ай, қазақтың қаншама жас жігіті порно көріп, соның шырмауында қалды. Сондай виртуалды дүниеден кайф аламын деп, төсекте қабілетсіз болып қалып жатыр. Бұл бүгін болмаса ертең ұлтымыз үшін үлкен қауіп-ау.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар