31 C
Алматы
Суббота, 27 июля, 2024
spot_img

Дөңгелек үстел: жұмыс істемейтін тиымдар қоғамға зиян келтіруде

13 қыркүйекте Алматыда 11 мемлекеттік емес ұйымдар мен қауымдастықтар өзара бас қосып, «тиімсіз тиымдардың зиянын» талқылап, дөңгелек үстел өткізді.

Жиналған жұртшылықты мемлекетті жайлап бара жатқан «әр нәрсеге тиым салғыштық популизмі» алаңдатып отыр. Қазір көп жағдайда депутаттар, үкімет мүшелері пен министрлік қызметкерлері мәселені зерттеп, оның нақты себеп-салдарын анықтаудың орнына, жалпы тиым салып тастауға әуес болып барады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кәсіпкерлермен кездесуінде «Кәсіпкерлер «шағымданушы» немесе «қолдауға мұқтаж» рөлінде көрінбей, мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуға тиіс. Жеке капиталды қорғау деңгейінің осалдығы, мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуы, бағаның нарыққа қайшы жолмен белгіленуі және шамадан тыс реттеу тетіктері – бизнесті толғандыратын мәселелер мұнымен бітпейді», — деп, атап көрсеткен болатын.

Дөңгелек үстелде мәлім болғандай, «Tastau.qaz» қауымдастығы жариялаған «Жұмыс істемейтін тиымдарға қарсы» Петиция 100 мыңнан астам қол жинаған. Демек, зиянды темекіні тастап, вейпке көшкен 100 мыңнан астам ересек қазақстандық азамат өзінің позициясын білдіріп отыр деген сөз. Ал онымен санаспауға болмайды.

Петицияның 100 мыңнан астам қол жинауына байланысты, бүгінгі дөңгелек үстелде «Tastau.qaz» қауымдастығының негізін қалаушы, қоғам белсендісі Татьяна Фоминова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына арнайы үндеу жариялады.

Татьяна Фоминова, фото Orda.kz

Үндеуде қоғамның еш тиімсіз, жұмыс істемейтін тиымдардан шаршағаны айтылады. Сондықтан осындай үрдісті тоқтату үшін арнайы заң қабылдануы керек. Барлығына жаппай тиым сала бергеннен көрі, оны тиімді реттеуге болады. Қазірдің өзінде денсаулық кодексіне сай, темекі ұйымдары дүкен сөрелерінде ашық жатпайды және 21-ден жас адамдарға сатылмайды. Вейптерді де осыған сәйкестендіріп сертификаттау керек. Және ересек адам вейпті тұтына ма, қандай вейп тұтынады, оны тек өзі шешуі тиіс.

«Кальян жағдайы сияқты, вейпке жаппай тиым салу көлеңкелі нарықтың пайда болуына алып келеді. Онда еш сертификатталмаған, тексерілмеген, қолдан жасалған улы вейптер пайда болуы мүмкін. Керісінше, тиісті қауымдастықтармен бірлесе отырып, мемлекет бұл нарықта нақты тәртіп орната алады. Мәселен, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Канада елдері вейпті дәстүрлі темекіге қарсы құрал ретінде көрініп отыр. Яғни, адамға темекіні қойдыра алмаса, оның ағзасына мейілінше аз зиянын тигізетін құрылғыларға ауыстыруды құп көреді».

Дөңгелек үстелге жиналған 11 үкіметтік емес ұйым мен қауымдастық өкілдері аталған Үндеуді қолдап, оған қол қойды. Енді құжат Мемлекет басшысына, Премьер-Министрге, және Парламент палаталарының спикерлеріне жіберілетін болады.

Сонымен бірге, дөңгелек үстел барысында Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысына да көп сын айтылды. Жиналғандардың айтуынша, министрлік сатушылармен және тұрғындармен профилактикалық жұмыс жүргізудің орнына жауапкершілікті Ішкі істер министрлігіне жүктеп отыр.

Бақыт Түменова, фото Facebook

«Калашников автоматы әскерде 18 жаста беріледі, кейбір жағдайларда 16 жаста үйленуге болады, ал темекіні 21 жасқа дейін шектеу – проблеманы басқа иыққа аударып бергенмен тең. Естеріңізде болса, 1980 жылдары алкогольге қарсы науқан болды, соның салдарынан КСРО-да токсикология бөлімшелері толып кеткені дәрігерлердің есінде. Сол кезде адамдар суррогат спиртімен уланған», – деді «Денсаулық» бірлестігінің төрайымы Бақыт Түменова.

Ол сондай-ақ басшылар ауыса бергендіктен шешімдер қабылдауда сабақтастық жоқтығын еске салды. Министрлер мен орынбасар ауыса береді де, жаңалары кеткендер үшін жауап бермейді.

«ҚазАлкоТабак» қауымдастығының басшысы алты айда 3 мың сауда нүктесіне түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін айтты. Дүкендерге еріктілер жүргізген рейдтерден кейін олардың 80%-ы кәмелетке толмағандарға темекі мен алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатқан.

Ал темекіні тұтыну нарығының операторлары қауымдастығының төрағасы Малика Цхай бір реттік сұйық вейптер айналымын қатаң бақылауды жақтады. Ол вейптерді жеткізуге тыйым салу, өнімдерді тек мамандандырылған дүкендерде сатуды, өнімнің ең төменгі бағасын 8 мың теңгеге дейін көтеруді және кәмелетке толмағандарға сату бойынша баяғыдан бері жұмыс істейтін заңдарды қатаң сақтауды ұсынды.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар