10 C
Алматы
Пятница, 26 апреля, 2024
spot_img

«Путин күшті ғой»: Россотрудничество қазақтарға Путиннің жағымды образын жасамақ

Осы аптада Ресей және ондағы режимнің жағымды имиджін қалыптастыру үшін арнайы құрылған «Россотрудничество» тарапынан бірнеше қазақтілді, аудиторияға ықпалды тұлғаларға астыртын ұсыныстар келе бастады.
Мақсат — Ресейге деген қазақ аудиториясындағы жеккөрушілік сезімді жағымды бағытқа бұру. Осы ретте, «Қытайға қарағанда Ресей дұрыс қой» деген ортақ идеология таңдалды дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Россотрудничество — Ресейдің жұмсақ күші. Ол Қазақстандағы орыстілді азаматтармен үкіметтік емес ұйымдар, оқу бағдарламалары мен жобалы гранттар арқылы жұмыс істеп келеді. Ресей позициясын қолдаған отандық орыс тілді блогерлер мен сарапшылар да Россотрудничество тарапынан біраз тапсырыс алып, ақша тауып жүр.
Биыл Россотрудничествоның Қазақстан бағытындағы астыртын ақпараттық жұмысқа бөлетін қаржысы екі есеге ұлғайған. Осы фактор Ресей пропагандасына тосқауыл болып жүрген Асқар Омаровтың Ақпарат және қоғамдық келісім министрі лауазымынан кетуіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан, олар үшін қазір қазақтілді аудиториямен жұмыс істеуге қолайлы сәт туған сияқты.
Алғашқы қадамдары Қытай басшысы Си Цзиньпиньнің Қазақстанға жасайтын сапарынан кейін басталмақ. Сол кезде біздегі ақпараттық кеңістікке «Қытай Қазақстанға ауыз салды. Ресейге жақындасақ қана аман қаламыз» деген сарындағы әңгімелер жіберілетін болады.
Күтіңіздер…
Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар