11 C
Алматы
Пятница, 29 марта, 2024
spot_img

От жаққан ФСБ емес пе?

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қатысы бар контрбарлау мамандары Қазақстанда өрт шығарып жүрген адамдардың шетелдік арнайы қызметпен байланыстарын жәймен тексере бастады. Бұл туралы, DALA INSIDE дереккөзі айтты.

Алматы полициясы бейнекамералар мен куәгерлер көмегімен Көктөбе маңында өрт шығарған күдікті қолға түсіргені белгілі. 1968 жылы туған Қазақстан азаматы. Ол от жаққанын мойындады.

Сөзінше, ер адам мас күйде болған және консервілерді жылытқысы келген. Бірақ өрт бұталарға жеткен. Сол кезде ер адам қорқып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Тура осы кезде, Еңбекшіарал кентінің маңында құрғақ шөпке өрт қойып жүрген адам да ұсталды. Ол — 39 жастағы жергілікті тұрғын. Жауап алу кезінде өз әрекетін түсіндіре алмады, мас болғанын айтқан.

Жергілікті алқаштарды үшінші жақ арқылы тауып алып, азын-аулақ ақша беріп, арнайы легенда құрастырып, түрлі диверсиялар жасату спецслужбалар үшін еш таңсық емес. Шынымен алкогольді ішімдік ішетін, сол кейпімен жергілікті жерге таныс адам кейін өзінің бұл әрекетке мас күйінде барғанын айтып, тергеушілерді оңай сендіре алады. Олар тіпті түрмеге отырудан да көп қорқа бермейді.

Әрі олардың транзакциясын тексеру, цифрлі байланысын анықтау мүмкін болмайды. Оларда электронды почта да, смартфон да, каспи мен карточка да жоқ. Көп әңгіме 2-3 шөлмек арақпен шешіледі.

Осындайда адамдардың құпия байланысын тек контрбарлау қызметі ғана арнайы құрылғылар көмегімен анықтай алады.

Қазақстанды біреу шынымен өрт құшағына алғысы келсе, оған мүдделі тек екі тарап қана бар. Олар: Ресей мен «Ескі Қазақстан» ұйымдасқан қылмыстық тобы.

Осы екеудің қайсысы бізді өртеп жүр? Бұл — жауабын тез арада табуымыз тиіс ең маңызды сұрақ.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар