14 C
Алматы
Суббота, 5 октября, 2024
spot_img

Осы Қазақстан кімге ыңғайлы?

Ойланып көріңізші. «Жаңа Қазақстан» деп қойып, ескі архитекторлар мен ескі құрылысшылардың ескі кірпіштермен қайта құрғалы жүрген мына мемлекеті кімге пайдалы?

Жүрегі жемқор, алдау мен алаяқтыққа жақын, тойса, «тойдым» демейтін, өз жері мен қазағына пейілі тар, кәдімгі ұрылар мен әділдікке қаны қас қазақтарға пайдалы.

Сайлаудың сойылын соғып жүр жанталасып. Аты жаңа, бірақ заты ескі ел боп тұра берсек дейді. Дүниеде қу адам болып туған оларға осындай мемлекет өте ыңғайлы. Ережесі оңай ғой өйткені. Алдап-сулай алатын, екіжүзді, негативті шындықты көрмей, естімей қалатын, жалмаңдап-жағымпаздану қасиетіне сәйкес келетін мұндай «алтын» мемлекеттен қалайша айырылады олар?

Дамыған елдердегідей ашық, әділетті қоғам – олардың өлетін жері. Әділ, шыншыл, Құдайдан қорқатын тура адам болу жағынан бәсекеге жарамай қалатынын олардың іші сезеді.

Кез-келген жемқорды ұстап алып, сөйлесіп көрсең – «мен жемқормын» демейді. Неге жегенін олай да былай түсіндіріп, мың сылтау айтады. Шынымен сенбейді өздерінің жемқор екеніне. Санасы қисая-қисая қайта тұрмастай боп құлап қалған. Әлде, әділдікке сеніп жүрген, дүниені ақ-қара деп бөлетін біз ақымақпыз ба?

«Жемқорлық деген біздің мәдениетіміздің бір бөлігі және адамның элита ретінде қалыптасуына қатты көмектесетін қасиет. Елеулі байлыққа кенелудің басқа заңды жолдары жоқ», – деген екен бір сөзінде ресейлік публицист Александр Невзоров.

– Біз шенеуніктердің зәулім сарайлары мен алтын унитаздарын көргенде, олардың әйелдерінің қымбат брендті жылтырақтары мен киім-кешегін көргенде, мұның қып-қызыл коррупция екенін түсінеміз, бірақ Ресей коррупциясыз өмір сүре алмайды. Коррупция жойылған сәтте құбырлардан шығатын түтін тоқтайды, күннің жарығы сөніп, ештеңе жұмыс істемей, бар тіршілік тоқтап қалады.

Жол салуға бөлінген сметадан ұрлау мүмкіндігі болмаса, кай ақымақ жолға асфальт төсейді? Жұмысшылармен ұрсысып, техниканы түгендеудің еш мағынасы, еш қажеті қалмайды.

Швейцария мен Жапония жемқорлықсыз-ақ жақсы өмір сүреді, бірақ олардың бағытымен жүру біз үшін түк тиімсіз. Жапония мен Швейцарияның мысалымен өмір сүруге бет алғанымыз үшін біреу ақша бере ме? «Жапондай болайық» деген жоба жасалып, смета жазылып, оның кемінде жартысын ұрлап алуға мүмкіндік ұсынылса ғана жапондай болуымыз мүмкін. Жемқорлықты жоя алмаймыз. Ісікті алып тастау науқастың өзінің өлімімен тынатын жағдай бұл. Ресейде коррупция болмаса, тіршілік тоқтайды, – деген екен ол.

Ресейді айтып отырғанымен, Қазақстанға «сен тыңда» дегендей болыпты. Өте қорқынышты болжам. Қазақтың элитасы да жемқорлықтың арқасында қалыптасты емес пе? Қазақ қоғамында да ұрлау мен жеуден, алдаудан басқа баюдың төте жолы жоқ! Қазақ жемқоры да бас-басына, іші-сыртына алтын жалатылған сарай салдыруға құмар. Қазақ та коррупциясыз өмір сүре алмаса, одан ешқашан құтыла алмаса қайттік?! Мына қазіргі Қазақстан әлі сондай сияқты.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар