3 C
Алматы
Суббота, 9 ноября, 2024
spot_img

Назарбаев пенсияда кредит берумен айналысатын болды

Оған тиісті «Назарбаев фонд» қоры «Қазақмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оборотын толтыру үшін 51 миллиард теңге кредит берді. Бұл ақпаратты Protenge телеграм арнасы жазады.

Қазақмыс фирмасын олигархтар Владимир Ким мен Эдуард Огай басқарады. Бұл жерде бір қызығы, «Қаңтар оқиғасына» дейін керісінше Қазақмыс «Назарбаев фонд»- қа ақша беріп жүретін. Мысалы, соңғы 4 жылда Владимир Ким мен Эдуард Огай «Назарбаев фонд» қорына демеушілік формасында 79,4 миллиард теңге аударған.

Бұдан біз дербес зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаевтың күшті бизнеспен айналыса бастағанын байқаймыз. Ол компаниялар мен олигархтардан демеушілікке деп жинаған қаржыны соларға қайта процентпен кредитке беруге көшті. Бұл өте пайдалы бизнес модель.

Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бойы мемлекетті басқарып, басқару ісінде мол тәжірибе жинады.

Сондықтан ол кез-келген кәсіпті дөңгелете алатын, өте іскер азамат.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар