15 C
Алматы
Суббота, 20 апреля, 2024
spot_img

Қайрат Сатыбалдымен құдаласқан жамбылдық шенеуніктің бастан кешкені

Назарбаев әулетімен қыз алысып, қыз беріскендердің басынан бақ тая бастады. Ендігіде биліктегі беделді қызметке тағайындаларда тұлғаның Назарбаев әулетімен бұрын-соңды байланысы бар-жоқтығы тексеріледі.

Жылы-жұмсақ орыннан дәмелі шенді президент аппаратының «детекторынан» өтіп, ілгерідегі критерий негізінде іріктіледі. Назарбаев отбасымен, оның алыс-жақын туыстарымен сыйласқан, табақтас болған, құдаласып, құйрық-бауыр жегендер жаңа жүйеден аластатылып, жұмыссыздар қатарын толықтыра бастайды.

DALA INSIDE телеграмына пікір білдірген сенімді дереккөздің айтуынша, жақында Астанаға ауысуды көздеген Жамбыл өңіріндегі ықпалды шенеуніктің бірі осы критерийдің «құрбаны» болған.

Оның Назарбаев отбасымен әмпей-жәмпейі екені әшкере болып, абақтыдағы Қайрат Сатыбалдының қызын келін қып түсіргені анықталыпты. Тоқаев билігі экс-президентпен сыбайласқан тұлғалардан қауіп күтіп, олардың саботаж жасауынан сезіктенеді.

«Экс-президентпен ауыз жаласқандардың Жаңа Қазақстанға жаны қас. Отыз жыл бойы уайым-қайымсыз өмір сүрген олар Қаңтар оқиғасынан кейін нокаутқа кетіп, омақаса құлағанын мойындағысы келмейді. Жаңа Қазақстанның кадр саясаты Назарбаевпен байланысты тұлғаларды биліктен аластату пен билікке жолатпауға негізделіп отыр», — дейді дереккөз.

Біздіңше, халық мұны қуана-қуана құптайды. Бұл Тоқаевқа сайлауда жеңіске жетуге кепілдік беретін өте сәтті жүріс. Ал қомағайлықтан қарны жарылардай болған Назарбаевтың тұқым-жұрағаты көп асқанға, бір тосқан боларын кеш түсінген секілді.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар