22 C
Алматы
Пятница, 19 апреля, 2024
spot_img

Назарбаев өз ұрпағын өз жерінде изгой етті

«Назарбаев 30 жыл бойы қызығын көрген «шексіз билік» деген есірткіден бас тартуға мәжбүр болды», деген екен соңғы кезде саяси амбициясын ашық білдіре бастаған бизнесмен Болат Әбілов.

Оның сол отыз жылда жасап кеткен зияндары қазір де, болашақта да әлі мемлекетіміздің алдынан шығады, деді ол Вадим Борейкоға берген сұқбатында.

Былай дейді бизнесмен:

– Оның семьясы бар, әлі жас немерелері бар. Бірақ олар өздерінің өз елінде изгой екенін түсінеді. Олар Қазақстанның көшелерінде емін-еркін қыдырып, ел-жұртпен сөйлесіп жүре алмайды. Қазақ өйтіп жүргізіп қоймас.

Уақыт ақырындап адамды жерге түсіреді, орнына қояды. Бірақ олар бұрын ешқашан жерге түсіп көрген емес. Енді өмір оларды халықтан тасалануға, байлығын жасырып-тығуға мәжбүрлеп отыр. Өткен тарихын жасыруға, бірдеңелерді қайта жазуға, біреулермен келісіп-уағдаласуға мәжбүр болды.

Әбішұлына тиіспейміз, Тоқаевты қолдаймыз

Астанадағы кафеде астыртын сөз байласқан әлгі үшеу бар ғой, Жақсыбеков, Мамин, Нығматулин. Олар да Назарбаевқа кіріп, оны көндірген болса керек. «Нұреке Әбішұлы, жағдай қатты өзгерді. Тоқаевтың құрығаны – бәріміздің тайлы-тұяғымызбен қоса құрығанымыз. Көніңіз енді, қоғамның ашуы мен қаһарын басу үшін қалалар мен көшелерден есіміңізді ала салсын, мерекеңізді жоя берсін, елбасизммен алыса берсін», деп. Назарбаев бұған көнуге мәжбүр.

Назарбаев дәл қазір тура бұрынғы жағдайды қайтара алмайды. Ондай билігі де, мүмкіндігі де жоқ. Тоқеавқа маған тиіспе десе, Тоқаев айтады, елбасизмді жоюды қалың қоғам талап етіп отыр деп. Назарбаевтың есімін, мерекесін алып тастау арқылы әлі де қарапайым қазақтарды алдарқатуға болады. Әсіресе теледидар көретін ауыл халқының миын «жөндеуге» болады,  

– ДЕПТІ ОЛ.
Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар