Яндекстің іздеу және жарнамалық технологиялар бизнес тобының жетекшісі Дмитрий Масюк компанияның 2023 жылдың соңына дейін Алиса дауыстық көмекшісіне қазақ тілін қосатынын айтты.
Оны смартфондардағы Яндекс мобильді қосымшасында және Яндекс браузерінде пайдалануға болады. Компания өкілінің айтуынша, қазірдің өзінде іздеу, карта мен навигация, такси және азық-түлік жеткізу қызметтері қазақ тілінде жұмыс істеуде.
Сонымен бірге, Яндекс білім беру сценарийлерін де қазақшалаған болатын.
Қазір ақылды камера қазақша түсінеді және жылдам жауаптар да қазақ тілінде беріледі.
Ал 5 қыркүйекте — Қазақстан халықтарының тілдері күні Яндекс нейрожелілік аудармаға қазақ тілін қосынын хабарлады.
Қазақстандағы «Яндекс» өнімдерінің ай сайынғы аудиториясы шамамен 10 миллион адамды құрайды.