-5.1 C
Алматы
Суббота, 7 декабря, 2024
spot_img

Қасымбек Теміртаудың кіреберісіндегі СССР-дің белгісін неге алмаған?  

Қоғам белсіндісі Мұрат Әбенов өзінің Фейсбуктағы парақшасына Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласына кіреберістегі «Теміртау» деген алып жазудың жанында СССР-дің белгісі тұрғанын айтып, Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбекке қарата сын айтты.

Мұрат Әбенов өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

«Кеңес одағын аңсаған кімдер? Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек бұған неге назар аудармайды? Теміртау деген сөздің жанындағы Кеңес заманының свастикасын алып тастау қиын ба?

Қашанғы СССР-дің көлеңкесінен қорқа береміз? Олай болса қазақ тілі, мемлекетшілік ұстаным қалай дамиды?  Жастарды отанымен мақтануға қалай үйретеміз?», – деп көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақты төтесінен қойыпты.

Иә, айтса айтқандай Теміртау еліміздің өндірісті қаласы. Осындай маңызы бар қаланың қақпасында Кеңес заманының белгісін қалай қойып қоюға болды. Керек десеңіз, мұндай белгіні Ресейден де таппауыңыз мүмкін. Ал бізде әлі тұр. Бұл тәуелсіздікті мансұқтау емес пе?

Мұны облыс әкімі Қасымбековтың көрмеуі мүмкін емес. Әлде Қасымбеков әкім болғалы Теміртауға ат ізін салмаған ба?

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар