14 C
Алматы
Суббота, 5 октября, 2024
spot_img

Қазақстанды орыс президент басқаруы мүмкін бе?

8 баланың әкесі, Парламент депутаты Андрей Линник өз еркімен депутаттықтан кетті. Білетіндер, ол өз бизнесін дұрыстауға уақыт таппағандықтан кетіп отыр дейді.

Сонымен бірге, Андрей Григорийұлына күздегі президенттік сайлауға түсуге болады. Осылайша ол сайлауларға қатысып, саясаткер ретінде тәжірибе жинай алады. Ал 7 жылдан кейін халықтың көңілінен шығып жатса, тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш орыс президент болуы мүмкін.

Андрей Линник 1974 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданының Ново-Воскресеновка атындағы ауылында туған.

2001 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Салық құқығы, салықтық тергеу» мамандығы бойынша, 2009 жылы – Халықаралық бизнес академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша (MBA дәрежесі) және 2020 жылы – «Алматы Менеджмент Университеті» (ALMAU) ББМ «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша (DBA дәрежесі) бітірген.

Еңбек қызметі:

1993-2003 жж. – жеке кәсіпкер.

2004-2009 жж. – «Алмалыбак» АШӨК төрағасының орынбасары, Алматы қаласы.

200-2012 жж. – «Газпром нефть – Казахстан» ЖШС директорының орынбасары», Алматы қаласы.

2012-2014 жж. – «Форпост – инвестиции и развитие» ЖШС Бас директорының орынбасары, Астана қаласы.

2014-2018 жж. – «Форпост – инвестиции и развитие» ЖШС Бас директоры, Астана қаласы.

2018-2021 жж. – «ASPARA MUNAY» ЖШС Бас директоры,
Алматы қаласы.

2021 жылғы қаңтардан бастап – VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ол Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі еді.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Қазақ және ағылшын тілдерін меңгерген. Ең бастысы ол сегіз баланы тәрбиелеп отыр.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар