-4.1 C
Алматы
Суббота, 7 декабря, 2024
spot_img

Вейпке қатысты манипуляциялар. Партиялар неге оңай жеңіске ұмтылуда?

Соңғы уақытта Respublica партиясы өздеріне вейп бойынша тақырып тауып алып, оның аясында манипулятивті әрекеттерге жол бере бастады.

Мысалы, партия «Үкімет вейптерге толығымен тыйым салу шешімін қабылдады» деген мәлімдеме таратқан. Алайда, Үкіметтің ешқандай ресми шешім қабылдамағаны берлігі. Бар әңгіме, тек ведомствоаралық комиссия отырысындағы дауыс берудің қорытындысы туралы.

Бірақ ВК (ведомствоаралық комиссия) отырыстарының Үкімет атынан Жарлық шығаратын құқығы жоқ. Олар тек кеңес беруші, ұсыныс дайындаушы орган. Әрі, вейптерді сату, тиым салу мәселесі тек тиісті Заң актілерімен реттеледі.

Respublica партиясы таратқан ақпаратқа сәйкес, партияның көшпенді кезектен тыс III Съезінің барысында Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау былай деп мәлімдеген:

– Мен өз сауалымда вейптерді сатуға толық тыйым салуды ұсындым. Балалардың денсаулығы мен тағдыры үшін күрес өз нәтижесін берді! Кеше бірауыздан дерлік (12 қарсы 2) ведомствоаралық комиссия мүшелері вейптерді сатуға, әкелуге, экспорттауға және өндіруге толық тыйым салуды енгізуге дауыс берді.

Бұл тек дауыс қана. Оны Үкімет вейптерді сатуға тиым салады деп қабылдамау керек. Себебі, Үкімет ВК-дан басқа, салық органдарын басқаратын Қаржы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің уәждерін тыңдау керек.

Осы орайда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі вейпке қатысты, «осы қауіпті құбылыспен күресу үшін жүйелі әрі шұғыл шаралар қабылдау керек, тек тыйым салумен мәселе шешілмейді», — деген болатын.

Тек қана тиым салып тастау, ешбір уәжді тыңдамау, сол арқылы саяси ұпай жинау қиын емес. Respublica партиясы өкінішке орай осындай жеңіл жолға түсе салды. Бірақ одан тығып сататын вейп саны азаймайтын болады. Салық төлеп отырған, өз өнімінің сапасына жауап беретін ресми сату орындары жабылмақ. Орнына нарықты сұр импорт, есепсіз контрафакт бұйымдар жаулайтыны анық.

Бұл, жағдайды реттеудің орнына, оны одан әрмен ұшықтыруға алып келетіні көрініп тұр. Ия, тиым салып, жауып тастау қиын емес. Депутаттар тек заң қабылдап, барлық ұпайды өзіне ала салғысы келгенін байқаймыз.

Ал, ол заң кейін дұрыс жұмыс істей ме? Вейп шегетін жастар саны азая ма? Оған ешкім бас қатырғысы келмейді.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар