17 C
Алматы
Понедельник, 29 апреля, 2024
spot_img

MEGA Silk Way-да «Золотое яблоко» косметика супермаркетінің Астанадағы алғашқы дүкені жұмысын бастады

Бұл «Золотое яблоконың» Астанадағы флагмандық дүкені. 

Астанадағы MEGA Silk Way СОО-да «Золотое яблоко» халықаралық компанияның алғашқы дүкені ашылды.

Косметикалық компанияның Қазақстандағы ең ірі супермаркеті 1 395 шаршы метр аумақта орналасып,  онда 600-ге жуық бренд және 29 000-нан астам тауар атауы ұсынылған.

СОО желісі халықаралық брендтермен жұмыс істеу маңызды екенін атап өтті, өйткені ол ең алдымен девелопменттегі сервисті жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, ал MEGA өз кезегінде айналадағы кеңістікті өзгертіп қана қоймай, бөлшек сауданың жоғары стандарттарға шығуына ықпал етеді.

— Қазақстан нарығына шыққысы келетін халықаралық брендтер үшін  MEGA №1 алаң. Бұл жолы біз елорда тұрғындарына Астанадағы алғашқы және республикадағы ең үлкен «Золотое яблоко» супермаркетін ұсынуға қуаныштымыз. Дүкенде сапалы қызмет, тауардың сан алуан түрін табасыз.

MEGA Alma-Ata-да жұмыс істеген бір жыл ішінде «Золотое яблоко» келушілер саны бойынша үздік бестіктің қатарына еніп үлгірді.

Бұл көрсеткіш біздің келушілеріміз арасында олардың жоғары  танымалдыққа ие екенін көрсетеді. Ал MEGA Silk Way СОО-да ашылған жаңа дүкен  келушілерге үлкен қуаныш сыйлайды деп сенеміз, — дейді MEGA СОО желісінің бас директоры Айжан Төлемісова.

Айжан Төлемісова сондай-ақ, MEGA Silk Way-да Астана нарығына әлі кірмеген танымал брендтердің де дүкені ашылуы мүмкін екенін жасырмады.

— Қазақстанда көргіміз келетін брендтердің белгілі бір тобы бар және оларды біздің нарыққа шығару жұмысы тоқтаған емес. Бұл бағытта біздің қомақты тәжірибеміз де бар: ZARA мен Inditex-тің барлық желісі, H&M, Starbucks, «Эконика», Lime, KFC және басқа да көптеген танымал брендтер Қазақстан нарығына MEGA желісінің құрамындағы СОО арқылы кірген.  MEGA Silk Way қонақтары адағы уақытты жаңа дүкендердің ашылуына күә болады, бұл әрине елорда тұрғындары үшін жағымды тосын сый болмақ, — деп атап өтті MEGA СОО желісінің бас директоры.

MEGA – Қазақстандағы заманауи форматтағы СОО желісі. MEGA желісінің алғашқы сауда орталығы 2006 жылы ашылды. MEGA Silk Way-дің жалпы ауданы 141 мың шаршы метрден асады, келушілер саны – айына 1,35 миллионнан астам. Сауда орталығында жергілікті және танымал брендтерден жинақталған 300 жалға алушы кәсібін дөңгелетіп отыр, коммерциялық алаңның 30%-ы ойын-сауық пен мейрамханалар.

«Золотое Яблоко» — 36 парфюмерлік-косметикалық дүкендердің басын қосқан ірі халықаралық желі.

Жаңа дүкен MEGA Silk Way қонақтарын бұрын нарықта болмаған жаңа брендтермен таныстырады:

DARLING, Yadah, Dr Irena Eris, ORJENA, Omorovicza, Ecooking, HEMP CARE, Kylie Skin by Kylie Jenner, SONO, Botany Essentials, Kosette, RAD, KYLIE COSMETICS, DEAR DAHLIA, ESSENTIAL PARFUMS PARIS, Chopard, LIQUIDES IMAGINAIRES, Mark Buxton, Paglieri 1876. «Золотое Яблоко» супермаркетінде «люкс» және «масс-маркет» санатындағы тауарлар, танымал әлемдік және азия брендтері, парфюмерия, шашқа арналған кәсіби құралдар, органикалық және табиғи косметика, косметикадағы дәріхана маркалары және т.б. ұсынылған.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар