16 C
Алматы
Пятница, 19 апреля, 2024
spot_img

Olımpbet Қазақстанда үстел теннисіне қолдау көрсетеді

Olımpbet букмекерлік компаниясы еліміздің үстел теннисі спортына қолдау көрсетеді. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Соңғы кездері елімізде үстел теннисі қарқынды дамып келеді. Соңғы Олимпиада ойындарына екі спортшымыз қатысты. Келесі жылғы төртжылдық додадан да үміт зор. Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева сынды дарынды теннисшілеріміз бар.

Осы орайда Olimpbet букмекерлік компаниясының қолдауы спорттың бұл түрін одан әрі жаңа белеске жетелеуі тиіс.

Қазақстан үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатовтың айтуынша, Olimpbet қолдауы ұлттық құрамамыздың Париж Олимпиадасына тыңғылықты дайындалуына ғана емес, аймақтардағы спортшыларға да көмек болып, жаңа есімдердің жарқырап шығуына себепкер болуы тиіс.

«Бүгінде Қазақстан ұлттық құрамасы 20-28 мамыр күндері Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатына дайындалуда. Бүгінгі жаңалық жаһандық доданың қарсаңында теннисшілерімізге стимул береді деген ойдамын. Одан бөлек, келесі жылы өтетін Олимпиада ойындарына да дайындықты күшейтуге мүмкіндік туды. Дегенмен, бұл серіктестік бас командаға қолдау ғана емес, жалпы елімізде үстел теннисінің кешенді түрде дамуына жол ашарына сенімдімін», — деді Елсияр Қанағатов.

Өз кезегінде Olimpbet букмекерлік орталығының мақсаттары туралы айтып өткен Компанияның сыртқы байланыс жөніндегі директоры Андрей Жарков ел спортына бей-жай қарамайтындықтарын жеткізді.

«Қазақстандық букмекер ретінде біз ел спортындағы ахуалды қадағалап отыруға және әр жаңалықты қалт жібермеуге тырысамыз. Соның ішінде үстел теннисінің халықтық қолдауға ие екенін де білеміз. Жас пен кәрінің барлығына ортақ саналатын спорттың бұл түрі Мемлекет басшысының да сүйікті ойыны екенін ресми сапарларынан байқаймыз.

Сондықтан, Қазақстанда үстел теннисінің қарыштап дамуы бізді де қуантады. Осы орайда, біздің серіктестік елімізде жаңа теннисшілердің жарқырап шығуына жол ашады деген сенімдеміз», — деді Андрей Жарков.

Айта кетейік, еліміздегі ең ірі букмекер саналатын Olimpbet отандық спорттың дамуына барынша үлес қосып келеді.

Көптеген кәсіпқой командаларға қолдау көрсетіп, Федерациялармен тығыз байланыс орнатқан аталмыш букмекерлік компания кәсіпқой спорттан бастап, ұлттық ойындар мен бұқаралық жарыстардың ұйымдастырылуына да жағдай жасауда.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар