7 C
Алматы
Пятница, 29 марта, 2024
spot_img

PFF холдингінің қожайыны Рената Келлнерова Forbes рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Айта кетелік, PFF холдинге қарасты активтердің құрамына қазақстандық Home Credit Bank та кіреді.

Холдингке иелік ететін Рената Келлнерова кезекті рет Чехиядағы ең дәулетті адамдардың көшін бастады деп жазады, жергілікті Forbes. Оның байлығы 355,9 миллиард чех кроны немесе 16,5 миллиард долларға бағаланған. Ол сонымен қатар Forbes сарапшылары түзген “2023 жылдың ең ауқатты адамдары” тізімінде Рената Келлнерова 101-ші орынға тұрақтады. Басылым жазғандай, 2021 жылы қапыда қаза тапқан чех миллиардері Петр Келлнердің әулеті PPF холдингінің 98,9 пайыз акциясына иелік етеді.

Рената Келлнерова. Фото: praguemorning.cz

Рената Келлнерованың PFF Group-тағы үлесі 59 пайыз. Оның төрт баласына әрқайсысына 10 пайыздан үлес тиген. Рената бұдан бөлек 2002 жылы елдегі білім-ғылым саласын дамыту мақсатында құрылған “Келлнер қорының” төрайымы. PFF тобын марқұм Петр Келлнердің бағзы әріптесі және Forbes дерегіне сай Чехиядағы ең ауқатты 100 адамның қатарына кіретін Иржи Шмейц басқарады.

Активі 538 млрд теңгені құрайтын Home Credit Bank PFF холдингінің құрамына кіреді. Банктің жұмысын топ-менеджерлер арқылы Иржи Шмейц бақылап отырады. Қазақстандық Home Credit Bank – PPF үшін құнды актив, сондықтан холдинг басшылығы оның ел нарығындағы үлесі мен белсенділігін арттыру туралы шешім қабылдаған. Осы мақсатта алдағы екі жылдың бедерінде шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банк құруға 20 миллион доллар инвестиция құйылмақ.

Home Credit қаржы тобының құрылымдары Қазақстаннан бөлек Вьетнам, Чехия және Үндістанда ашылған. PPF Group-тің құрамына Air Bank, PPF Bank, Mobi Bank, Clearbank секілді қаржы институттары кіреді. Холдинг сонымен қатар телекоммуникация, медиа, биотехнология, жылжымайтын мүлік және инжиниринг саласындағы компанияларға иелік етеді.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар