14 C
Алматы
Суббота, 5 октября, 2024
spot_img

Шұғыл амал: Бозымбаевтың вице-премьер болуы еш сценарийде қарастырылмаған еді

Қазақстандағы тоғыз облыстың су астына кетуі Қытайдағы форумнан оралған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форс-мажор жағдайында кадрлық шешім қабылдауына ықпал етті.

Жексенбі демалыс екеніне қарамастан президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Бозымбаев аймақтық саясатқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесіне, төтенше жағдайлар мен су ресурстарына жауапты болады. Әсіресе соңғы екі бапқа басты күш салу тапсырылды», — дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Бұл бағытқа бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап беретін. Роман Васильевич профессиясын ауыстырмады. Қатаң сөгіс алғаны болмаса, ол да қызметінде.

«Склярға өзі жақсы білетін өндіріс, автопром саласы қалдырылды. Шын айтқанда төтенше жағдаймен күресу оның профилі емес еді», — дейді, дереккөз.

Бозымбаевтың келуімен Үкімет құрамы күшейді. Ол зардап шеккендермен жұмыс, сынған дүниені қалпына келтіру, ақша бөлгізу, жер-жердегі жұмысты ұйымдастыру сияқты жұмыстарға жақсы маманданған. Бұл бағыттағы оның стилі марқұм Бердібек Сапарбаевқа ұқсайды.

Негізі, Бозымбаевқа қатысты жоспар басқа еді. Бірақ топан су барлық жоспарды бұзды. Мемлекет басшысы жақсы көмекшіден айрылды. Есесіне Үкімет аймақтармен жұмыс істей алатын вице-премьермен толықты.

«Бозымбаев биылғы апаттың салдарын реттеп, келесі жылы еріген қар суы мен жаңбыр суының барлығы тоғандар мен су құймаларына жиналатындай система жасауы тиіс», — дейді, дереккөз.

Оның ойынша, судың барлығы жерге сіңбей, ағып кеткендіктен, жазда ауыл шаруашылығы саласында үлкен апаттар басталады. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа үлкен сынақ келе жатыр.

Бұл жолғы «цунами» үкіметтің тең жартысының жаза арқалауына алып келді. Шұғыл кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен Абай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаевқа қатаң сөгіс берілді. Ал Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қызметтік талапқа толық сай еместігі туралы ескертулер алды.

Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіліп, шығын өтелетінін айтты. Қазір оның көлемі есептеліп жатыр

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар