16 C
Алматы
Четверг, 25 апреля, 2024
spot_img

Экологтар АЭС жобасына сараптама жасамақ

Алматы қаласында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС және Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университетінің біріге ұйымдастыруымен «Экология және атом энергетикасы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге белгілі эколог мамандар, Қоғамдық қорлар, Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, Эко-белсенділер, физика, су ресурстары, атом саласы мамандары, ғалымдар, ҚАЭС және ЯФИ, Алматы облысы бойынша экология департаменті, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшылығы және сарапшылар қатысты. Мамандар атом энергетикасының артықшылықтары, экологиялық тәуекелдер, АЭС құрылысы жобасының барысы, энергетикалық даму бойынша пікірлерімен алмасып, ұсыныстармен бөлісті.

Дөңгелек үстелге ҚазҰАЗУ Инженерлік-техникалық факультетінің деканы Ләззат Әділбаева модерторлық жасады. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-ның бас директоры Тимур Жантикин АЭС құрылысы жобасы барысында жасалып жатқан жұмыстарды баяндады. АЭС іске қосылса, елде  жоғары білікті кадрлардың әлеуеті  және еліміздің инвестициялық тартымдылығы артатынын, техникалық бағыттардың дамитынын атап өтті. ҚР Инженер энергетиктер одағының бас директоры Марат Дулқайыров атом электр станциясын салудың маңызы жайында пікірін білдірді.

Марат Дулқайыров

«Бірден айтайын бізге АЭС өте қажет. Қазақстанда қуат көзіне деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Оны бәріміз көріп отырмыз. Бүгінде еліміздің оңтүстік обылыстары Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында электр энергиясына деген сұраныс өте жоғары. Кеңес заманында еліміздің оңтүстік өңірлері өздеріне қажетті қуат көзінің бір бөлігін көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан алып келді.  Қазір көршілеріміздің өндірген электр энергиясы өздерінен артылмайды.  Сондықтан біздер «Солтсүтік – Оңтүстік» электр желісін тартып, бұл мәселені уақытша шешкен болдық. Егер алда-жалда осы электр желісінде қандайда бір апатты жағдай орын алса, біздер өте қиын жағдаймен бетпе-бет келетін боламыз. Сондықтан біз қосымша қуат көзін өндіріп, оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуға баса мән беруіміз керек. Оңтүстік өңірлерді электр қуатымен қамтамасыз ететін қосымша нысан қажет», – деді Марат Дулқайыров.

Алматы облысы бойынша Экология департаментінің бастығы Қонысбек Байеділов АЭС – атом энергетикалық дербестікті қамтамасыз ететінін және жобаны іске асыру барысында экологиялық өткір сұрақтардың тұрғанын да айтып өтті. Осы ретте АЭС салу алаңы болып отырған мекенге экологиялық сараптама жүргізілу керектігін және ол жұмыстарды эколог мамандарымен бірлесе атқаруға дайын екендерін жеткізді.

Қонысбек Байеділов

«Балқаш көлінің жағалауына салынатын АЭС қоршаған ортаға, экологияға, жергілікті жердегі ауа, су, жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қалай әсер етеді деген сұрақтар бізді де мазалайды. Бұдан басқа АЭС-тен шығатын радиокативті қалдықтарды қайда сақтауға қатысты мәселе де көпшіліктің көкейінде жүр. Жалпы, бұл бағытта жұмыстардың жүріп жатқанын білеміз. Алдағы уақытта Үкіметтен құжаттар келіп түскеннен кейін экологиялық сараптама жұмыстарын жасауға дайынбыз. Сол кезде бұл мәселені экология және энергетика саласының мамандарымен бірлесіп тағы да талқылаймыз, – деді Қонысбек Байеділов.

Өз кезегінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының» жетекшісі Раушан Иманбет: «Ел экономикасын өркендету үшін АЭС салудың қаншалықты маңыз зор екенін түсінеміз. АЭС жұмысын реттеуде белгілі көлемде су керек екенін білесіздер. АЭС бір күнде салынбайтыны белгілі. Оптимистік жағдай бойынша есептесек, АЭС-іміз 2035 жылы пайдалануға беріледі. Демек, бізде АЭС-ке қатысты мәселелерді талқылауға қатысты уақыт бар. Осы ретте біздер АЭС мәселесін алға тартып, Қытаймен трансшекаралық Іле өзенінің суын бірлесіп пайдалануға қатысты ортақ келісімге келуіміз керек. АЭС құрылысы бізге осы мәселені біржақты шешуге ықпал етеді деп үміт артуымызға болады», – деді.

Дөңгелек үстелде Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің «Топарықтану, агрохимия және экология» кафедарасының профессоры Бағлан Махамедова «Атом және жасыл экология» деген тақырыпта баяндама жасап, қазір ғылыми-техникалық базасы дамыған елдерде атом энергетикасы энергияның қауіпсіз әрі экологиялық таза түрі ретінде қарастырылатынын талдап түсіндіріп берді.

Қазір атом энергетикасын адамзат игілігіне пайдалану энергетикалық дағдарыстың алдын алумен қатар экологияны және жасыл технологияларды дамытуға мүмкіндік беретін салаға айналып отыр.

АЭС-тің артықшылығы – ауа райына еш тәуелді емес. Тұрақты түрде көп мөлшерде энергия өндіруге болады. Әрине, АЭС-та пайдаланылған ядролық отын (ПЯО) қалады. АЭС-та пайдаланылған отын реактордан алынады. Арнайы контейнерлер отынның сыртқа ағып кетуіне жол берілмейді. Отын біраз уақыт су астында сақталған соң, құрғақ қоймаға жеткізелді. Дұрыс пайдаланылған ПЯО толығымен қауіпсіз. Қалдықты жаңа отын өндіруге құнды шикізат ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар ғалымдар үнемі технологияны жетілдірумен айналысып отырғанын да естен шығармаумыз керек», – деп Бағлан Жақыпбайқызы яролық қалдықты қалай жойылатынын тамаша жеткізді.

Дискуссия бөлімінде эколог мамандар атом энергетикасын дамыту барысында экологиялық сұрақтарды шешу және тіуекелдерді зерттеп, зерделеуде біріге жұмыс атқаруды ұсынды.

«Экология және атом энергетикасы» атты дөңгелек үстелге жоғарыда аталған сарапшылардан өзге ҚР Энергетика министрлігі «Ядролық физика институты» РМК директорының кеңесшісі М.Ш. Төлегенов,  «Әлеуметтік-экологиялық қор» қоғамдық қорының өкілі К.К. Каракулова, эколог, АРГО (Ассоциации развития гражданского общества) өңірлік бағдарламаларының директоры К.Я. Атаханова, «ЭКО ФОРУМ» ҮЕҰ сарапшысы Г.Х. Кәкімжанова, ҚазҰАЗУ Стратегия, ғылым және халықаралық қатынастар департаментінің директоры С.Б. Кененбаев, Е.С. Әбілдаев «Агробиология» факультетінің деканы, «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының профессоры Ә.К. Зәуірбек, “Almighty Ecology” қоғамдық қорының директоры А.Б. Сатубалди, “Ecology Consulting”  басшысы, экология магистрі, эколог,  Экобелсенді Б.Н. Садыбекова, Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының меңгерушісі Ж.Б. Бакенова, «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының меңгерушісі, профессор Е.Д. Жапаркулова, сонымен қатар Инженерлік-техникалық факультетінің,  Су, жер және орман ресурстары факультеті. Су ресурстары және мелиорация кафедрасының,  Агробиология факультеті Экология кафедрасының студенттері, магистранттары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар