12 C
Алматы
Пятница, 29 марта, 2024
spot_img

Olimpbet Қазақстандағы жылқы шаруашылығына қолдау көрсетпек

Olimpbet букмекерлік компаниясы Асыл тұқымды жылқы шаруашылығы жөніндегі республикалық палатамен ынтымақтастықты қолға алғанын жариялады. Серіктестік келісім Қазақстан Республикасында асыл тұқымды жылқы популяциясын көбейтуді және ат спортының барлық түрлерін дамытуды мақсат етеді.

Айта кететін болсақ, Olimpbet – бұл қазақ дәстүрлері мен құндылықтарынан бастау алатын қазақстандық бренд. Букмекерлік компания көптеген жылдар бойы Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсетіп, белсенді дамытумен айналысып келеді.

Асыл тұқымды жылқы шаруашылығы жөніндегі республикалық палатамен арадағы ынтымақтастық Olimpbet бастамаларының дәйекті жалғасы болып табылады. Компания бірлескен жұмыстың Қазақстанда асыл тұқымды жылқы өсіру және ат спорты дәстүрлерін жандандырып, елдің түкпір-түкпірлеріндегі ипподромдарды қалпына келтіруге ықпал ететініне сенімді:

«Olimpbet еліміздің рухани мұрасына ерекше ықыласпен қарайды, өзінің Қазақстаннан шыққанын мақтан етеді, дәстүрлерді құрметтейді. Сондықтан ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсетудің біз үшін маңызы зор. Отандық жылқы шаруашылығына көмектесу мүмкіндігіміз мол және біз бұл іске құлшына кірісіп, оны мәртебе санаймыз», – деп хабарлады Оlimpbet басшылығы.

Серіктестіктің маңыздылығы оның экономикалық тиімділігіне байланысты. Батыс зерттеушілерінің пікірінше, бәйгеге қосылатын бір тұлпар 8 жұмыс орнының (ветеринардан, тағалаушылардан бастап жаттықтырушылар мен шабандоздарға дейін) құрылуына себеп болады. Асыл тұқымды жылқы қоралары мен жаттықтыру орталықтары қалалардың сыртында орналасып, ауыл тұрғындарын жалақысы жоғары жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін болады. Басқаша айтқанда, енді өңірлерде асыл тұқымды жылқы популяциясын едәуір көбейту және ат спортын дамыту үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.

«Біз Оlimpbet компаниясының қолдауына алғыс білдіреміз, бұл қазақ халқының жылқы өсіру кәсібінің қарыштап дамуына серпін берері сөзсіз. Біздің елімізде бұған қажетті тамаша климат, жылқының небір асыл тұқымдары, білікті атбегілер бар. Біздің бәйгеміздің әлемдік ат жарыс күнтізбесінде ойып тұрып орын алатын күні алыс емес. Olimpbet тарапынан баға жетпес көмек ала отырып, жақын арада осындай жетістікке қол жеткізетінімізге сенімдіміз», – деді Асыл тұқымды жылқы шаруашылығы жөніндегі республикалық палатаның басшысы Талғат Жайсаңбаев.

Қазақстандағы №1 букмекерлік компания бүкіл әлемде кеңінен танылған классикалық ат жарыстың біздің елімізде де қарқынды дамуы үшін барынша күш салады.

«Жылқы өсіру саласын дамыту жөніндегі Olimpbet бастамасын толығымен қуаттаймыз. Бұл бүкіл ұлттық ат спортының өркендеуіне түрткі болып, әйгілі атбегілік дәстүрлерді жандандыруға үлес қосатыны анық. Біздің халқымыздың бірде-бір той-мейрамдары, айтулы оқиғалары ат спортының қызықтарынсыз өтпейтінін әрбір қазақстандық жақсы біледі. Olimpbet қолдауының арқасында ұлы көшпенділер өркениетінің жоғалғаны қайта оралады», — деп аяқтады өз сөзін «Қазақстан Букмекерлері Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі дирекциясының төрағасы Жұма Эльдар Маратұлы.

АНЫҚТАМА

Olimpbet – еліміздің спорт индустриясын белсенді қолдайтын және дамытатын Қазақстанның ірі букмекері. Компания ұлттық спорт түрлеріне демеушілік жасайды және ел өмірінің әлеуметтік салаларына көңіл бөледі.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар