11 C
Алматы
Суббота, 27 апреля, 2024
spot_img

Нұралы Әлиевтің қайын ағасы Қазмұнайгазға қарсы соттан жеңілді

Ақпанның соңында Алматы облысының Талғар аудандық соты Руслан Адайбековтың талап арызы бойынша шешім шығарды. Ол ұлттық компания өзіне тиесілі жер теліміне заңсыз сорғы станциясын салып, 0,52 гектар аумақты оның рұқсатынсыз басып алғанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Телеграм арнадағы мәліметке сүйенсек, ҚМГ заңгерлері сотта барлық қажетті рұқсат пен жобалық құжатты алғаннан кейін сорғы станциясының салынып, пайдалануға берілгенін дәлелдеді. Ол сорғы грек-рим және еркін күрес, таэквондо, каратэ, көркем гимнастика және велоспорттан ұлттық құрама команда спортшылары жаттығатын «Ақ бұлақ» шипажайын ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз етіп отыр.

Суды істен шығарған жағдайда, «Ақ бұлақ» шипажайы жұмысын тоқтатып, жүзден астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл дауда сот ұлттық компанияның пайдасына шешім шығарды.

Руслан Адайбеков – экс-президенттің жиені Нұралы Әлиевтің қайын енесі Лейла Адайбекованың ағасы. Оның ұлы Елнар Адайбеков 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың маусымына дейін «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. Ал Дариға Назарбаеваның тұңғыш ұлы сол акционерлік қоғамның акция иелерінің бірі.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар