14 C
Алматы
Суббота, 5 октября, 2024
spot_img

Италия инвесторлары қазақтарды қалай алдап келді?

Енді оның салдары қандай болуы мүмкін?

«ККС-Сичим» қазақ-итальян бірлескен кәсіпорнының қызметкерлері жалақыны 50%-ға көбейтуді талап етіп, митингке шығып отыр. Ал «ККС-Сичим» басшылығы ондай жағдай жоқ дейді. Басты себебі, итальян инвесторлары ойға келгенін істеген.

«ККС-Сичим» – итальяндық Sicim мен қазақстандық ҚазКомСервистің бірлескен кәсіпорны. Заң бойынша, Қашаған және Қарашығанақты игеру үшін инвесторларда қазақстандық қамту болуы тиіс. Сондықтан, мықты мұнай кен орындарын алу үшін итальяндықтар осындай бірлескен кәсіпорын құрып алған. Бірақ «ККС-Сичим» оларға тек прокладка ғана.

@nrg_monitor дерегі бойынша, ақша қалай «ККС-Сичим» шотына түседі, бірден итальяндықтар оны Sicim компаниясының Қазақстандағы филиалына аударып тастайды. Сонда филиалдағы қаржы «ККС-Сичим» шотындағы қаржыдан 9 есе асып кеткен. Осы арқылы жұмысшыларға ақша жоқ деп сылтау айта алады. Ия, шынымен де, себебі «ККС-Сичим» шотында ақша жоқ қой.

Ал есесіне, барлық тендерлерге «ККС-Сичимді» қатыстырып, қазақстандық жұмыс орындары бар деп, былтыр Қарашығанақтан 1,5 миллиард доллардың контрактысын алып алды. Оның алдында, бәлендай қаржыны игерді.

Бұған көп жылдар бойы Қазақстан жағы көз жұмып келген. Қазақстан тарапынан заңның орындалуын қадағалауы тиіс «PSA» компаниясы Энергетика министрлігіне жалған есеп беріп отырған.

Нәтижесінде, біздегі Қашаған мен Қарашығанақты игеріп жатқан Италия инвесторлары өздері алып келген ақшаны түрлі махинациялармен қайтадан өздеріне шығарып алып жүрген. Есесіне, инвестиция салдық деп, енді келісім бойынша ондаған жылдар бойы қазақ мұнайынан қомақты үлес алып отырады. Және біз оған ештеңе істей алмаймыз. Себебі, халықаралық арбитраж арқылы Ұлттық қорымызды тартып алуға мүмкіндіктері жетеді.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар