-4.1 C
Алматы
Суббота, 7 декабря, 2024
spot_img

Путиннен маза кетті!  Жапония Ресейге қатысты стратегиясын түбегейлі өзгертті

Украинаның ұрыс даласындағы алғашқы жетістіктерінен кейін Жапония Сыртқы істер министрлігі «Дипломатияның көгілдір кітабын» шығарды деп жазады Dalainside.

Мұнда талай уақыттан бері даулы мәселеге айналып, Ресейдің уақытша басып алған Итуруп, Кунашир, Хабомай және Шикотан аралдары Жапонияға тиесілі аумақ екені алғаш рет жазылды.

Ресми Кремльдің алаңдаушылығы үдей бастады.

Тіпті, «жапон үкіметі дамудың бейбіт жолын аттап өтіп, қателік жіберіп отыр» деген пікір де білдірді. Осы сәттен бастап Токио мен Мәскеу арасындағы саяси қарым-қатынас іс жүзінде тоқтатылды. Бірақ оған дейін бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэ Путинмен 27 рет кездескенін айта кеткен жөн.

2022 жылдың желтоқсан айының соңында Жапония 3 негізгі қауіпсіздік құжатына түбегейлі түзету енгізді.

Бұл құжаттар – Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Ұлттық қорғаныс стратегиясы және қорғаныс құрылысының жоспары.

Атап айтқанда, таяу жылдары Жапония қорғаныс шығындарын екі есеге, яғни ЖІӨ-нің 2%-ына дейін көбейтіп, жылына 320 млрд долларға (әлемде АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші орынға) жеткізуді жоспарлады.

Кюсю және Хокайду аралдарына радиусы 1000 шақырымға жететін гипердыбыстық зымырандар, сондай-ақ басқа да аралдарға радиусы 3000 шақырымға дейінгі зымырандар орналастырылады.

Осылайша, алғаш рет жаудың тойтарысын қайтару үшін алдын ала соққы беруге болатынын да меңзеп отыр. Ол үшін «Ұшқышсыз ұшатын дрондарды орналастыру бағдарламасына» 1 трлн иен бөлмек.

Шын мәнінде, Жапония 2022 жылы бейресми түрде AUKUS (Австралия, Ұлыбритания, АҚШ) үш жақты әскери аймақтық білім альянсына кірген болатын. Бұл оқиға Тынық мұхиты кеңістігін айтарлықтай тепе-теңдікте ұстайды делінді.

Dalainside-тың болжамынша Жапония келесі G-7 саммитіне төрағалық етеді.

Қазірдің өзінде мемлекеттің ұстанымын жеткізген Премьер-министр Фумио Кишида Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді қолдайтынын жария етті.

Сонымен қатар, Жапония үкіметінің басшысы 9-13 қаңтар аралығында Канада, Франция, Италия, Ұлыбритания және АҚШ-қа жасаған стратегиялық саяси сапар барысында бірқатар келісімге, соның ішінде әскери сипаттағы маңызды құжатқа қол қойды.

Бұл тұрғыда ресми Токио 2023 жылды қазіргі заман тарихындағы бетбұрыс жылы деп атап отыр.

Яғни, агрессиясы басым Ресейдің халықаралық-құқықтық тәртіпті бұзуына жол бермеу керектігіне күш салатынын ашық мәлімдеді. Ал бұл кезде путин әкімшілігі Жапониямен арадағы үдеп бара жатқан қақтығысты болдырмауға бар күш-жігерін салуда.

Кремль Токионың халықаралық қадамдарын «АҚШ-тың саяси тапсырысы» деп атағанымен қоймай, Жапонияны Қытайға қарсы қоюға тырысып әлек.

Ал, ресми Бейжің салқынқандылық сақтап, сабырлылық танытуда.

Себебі, Қытай халық республикасы екі азиялық жолбарыс арасындағы ықтимал қақтығыс Оңтүстік Курил аралдарына қатысты емес, Тайвань дағдарысы аясында болуы мүмкін екенін жақсы біледі.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар