-5.1 C
Алматы
Суббота, 7 декабря, 2024
spot_img

Қазақстан «жұмыртқа кризисіне» дайындала бастады

Келесі аптада Үкімет осыған қатысты жабық кеңес өткізуді ойластырып отыр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Елде жұмыртқа 4 ай бойы қымбаттап келеді. Өткен аптада оның қымбаттауы 0,7 пайыз көрсетіп, әдеттегі баға өсуі нормасынан екі есе асып кетті.

Бұл Ресейдегі жұмыртқа тапшылығының салдары болуы мүмкін. Ресейде қазір жұмыртқа дағдарысы белең алып отыр. Баға қымбаттағандықтан, отандық құс фабрикаларына жұмыртқаны Ресейге экспорттау өте тиімді бола бастады.

Ресей Премьері Михаил Мишустин үшін жетпей жатқан жұмыртқаны Қазақстаннан алдыру оңтайлы вариант болып отырғаны жасырын емес. Бұл ретте қазақтың Әлиханы қиналып қалуы мүмкін.

Премьер Смайылов өткен желтоқсанда жылдық инфляция деңгейін 9,3 пайызға түсіріп, президент алдындағы уәдесін толық орындаған болатын. Ол үшін 2024 жылдың басында инфляцияны 9-9,5% коридорында ұстап отыру өте маңызды.

Жұмыртқа инфляция себетіндегі негізгі тауардың бірі. Ол күрт қымбаттаса инфляция деңгейі дереу өсе бастайды.

Қазір елімізде 69 құс фабрикасы бар. Оның 34-і жұмыртқамен айналысады. 2022 жылы Қазақстан 5 миллиард дана тауық жұмыртқасын өндірген болатын. 2023 жылы да шамамен осы көлемді сақтап қалды. Елдегі жұмыртқа ішкі тұтынуды жабуға әрең жетеді.

Артық жұмыртқа экспортына біздің фабрикалардың қауқары жоқ. Қазақтың Әлиханы отандық жұмыртқа нарығын барынша қорғайтын болады. Министрлер кабинетінің басты мақсаты — оның тапшылығын болдырмай, бағаны төмен деңгейде сақтап қалу.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар