3 C
Алматы
Суббота, 9 ноября, 2024
spot_img

Қазақстан қазақи «Россотрудничество» жасамақ

«Qazaq tili» эндаумент қорын қазақтың жұмсақ күшіне айналдыру жобасы жабық есік жағдайында талқылана бастады.

Эндаумент қорға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз қалтасынан 7 миллион теңге тапсырғаннан кейін, біраз бизнесмен де шамаларына қарай жарналарын өткізе бастаған.

Қазақтың жұмсақ күші қандай болады? Ол сыпайы түрде қазақтілді қызықты контенттерді көбейту, қазақ тілінің қолданыстағы аясын кеңейту. Және ең басты мақсат — тіл сауаты. Қазақша тұрмыстық деңгейде сөйлесетін азаматтардың көбісі сауатты жаза алмайды. Сауатты қазақ тілі — бүгінгі күннің ең үлкен проблемасы болып отыр.

Qazaq tili эндаумент қоры халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аясына кіреді. Оны Рауан Кенжеханұлы басқарып отыр. Қазақтың жұмсақ күші — талайдан бері көкейде жүрген мәселе. Осының алғашқы идеялары 7-8 жыл бұрын айтылған болатын және ол кезде басты акцент латын әліппиіне берілген еді. Қазір «латын шаруасы» кейінге ысырылып, контент, оқулықтар кириллицада жалғасын табады деген түсінік бар.

Қазақтың жұмсақ күші қай жаққа жол тартады? Қытайдағы қазақтар салт-дәстүрін, тілін жақсы сақтап отыр. Россотрудничество біздің оңтүстік аймағымызға енгені сияқты, Қазақстан да Ресейдің қазақтар көп тұратын облыстарында тілдік мектептер ашу мәселесін ойластыруда дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Өз кезегінде Россотрудничество 2023 жылдың қорытынды есебін аяқтап қалды. Оны сайтында наурыз айында жариялауы тиіс. Россотрудничество Қазақстанның оңтүстігінде ашылатын үш орыс мектебін өзінің жетістігіне жатқызып отыр. Орыс мектептерінің саны бойынша Қазақстан Орталық Азияның барлық мемлекеттері арасында көш бастап келеді. 2023 жылы Қазақстанда орыс тілінде оқытатын мектептер саны 3606 болса, көрші Өзбекстанда 1 мыңнан астам, Қырғызстанда 751, Тәжікстанда 200, Түркіменстанда 71 мектеп болған.Қазақстанда биыл 339 880 оқушы бірінші сыныпқа барды. Оның 70,7 пайызы қазақ тілін, қалғаны орыс тілін таңдаған.

Қаймана қазақтың ордасы — Оңтүстік Қазақстанда үш орыс мектебін ашу арқылы Ресей осы аймақтың мүлде орыс тілін ұмытып қалу қаупімен күреспек. Осы үш мектепке Россотрудничество қаржыны аямайтын болады.

Одан бөлек, орысша айтыс ұйымдастыру бойынша Балғынбек Имашевпен келіссөз жүргізу жоспарда бар. Яғни, Балғынбек, Жандарбек сынды ақындар Түркістанда өтетін халықаралық мүшайрада домбырамен орысша айтысады деген креативті сценарий қарастырылуда. Әзірге «әр ақын кем дегенде Toyota Land Cruiser жаңа көлігін мінеді» деген сыбыс таратылды. Ол ақындардың қазірден бастап орысша сайрауға іштей дайындала беруі үшін керек.

Қазақтың да, орыстың да жұмсақ күші саусақтарын жыбырлата бастады. Мемлекеттер мәдени экспансияның маңызын енді түсініп келеді. DALA INSIDE Россотрудничествоны да, Qazaq Tili эндаументін де мониторингке алды.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар