-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября, 2024
spot_img

“Home Credit Bank” АҚ Fitch-тен алғаш рет “ВВ -” деңгейінде рейтинг алды, болжам “Тұрақты”

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі қазақстандық «Home Credit Bank» АҚ-ға «ВB-» деңгейінде шетел және ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін (ЭДР) берді. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».

«Бұл «Home Credit Bank» АҚ 2022 жылдың желтоқсанында болған акционерлердің ауысуынан кейін дербес қаржы институты ретінде алған алғашқы рейтингіміз. Fitch-тің мұндай жоғары рейтингі банктің тұрақты қаржылық жағдайын, оның республиканың бөлшек кредиттеу нарығындағы мықты позициясын, адаптивті және табысты бизнес-модельдің болуын көрсетеді деп санаймыз. Home Credit Bank биылғы жылды өтімділіктің жеткілікті қоры мен меншікті капиталдың айтарлықтай деңгейіне ие бола отырып аяқтады. Бұл банктің тәуекел-тәбет тұрғысынан консервативті саясат жүргізетіндігінің тағы бір дәлелі болды, сонымен қатар банктің топ-менеджменті тарапынан операциялық шешімдер қабылдаудағы жылдамдық пен икемділікті атап өту керек. Өткен жылы Home Credit Bank цифрлық банкингті дамытуды, клиенттеріміз үшін бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтерді құруды жалғастырды, мобильді қосымшаны жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізді», – деп атап өтті «Home Credit Bank» АҚ Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Банк туралы

Home Credit Bank Қазақстанда 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Бөлшек кредиттеу сегментіндегі белсенді ойыншы болып табылады. Клиенттердің белсенді базасы 1,5 млн адамды құрайды, оның 90%-дан астамы Банктің кемінде 2 өнімін пайдаланады. Банк активтері 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 538 млрд. теңгені, меншікті капиталы 132,8 млрд. теңгені құрады. Меншікті капитал мөлшері бойынша Home Credit Bank 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚР-ның он ірі банкінің қатарына кіреді.

2022 жылдың наурызы – Fitch агенттігі Ресей Федерациясындағы коммерциялық қызметін тоқтата тұратыны туралы хабарлады, нәтижесінде Fitch Ratings Ресей Федерациясында құрылған барлық заңды тұлғалардың және олардың еншілес компанияларының рейтингтерін қайтарып алатыны туралы жариялады. Сол кезде қазақстандық банк «Хоум Кредит энд Финанс банк» ЖШҚ Ресейлік банктің еншілес ұйымы болғандықтан, оның рейтингі де кері қайтарылды.

2022 жылдың 17 мамырында Home Credit халықаралық қаржы тобын қамтитын PPF холдингі өзінің ресейлік банк активтерін сататынын жариялады.

2022 жылғы 23 мамырда қазақстандық «Хоум Кредит Банк» акциялар пакетінің 75%-ын Чех кәсіпкері, PPF халықаралық инвестициялық тобының СЕО Иржи Шмейц бастаған PPF халықаралық инвестициялық-қаржы корпорациясының топ-менеджерлері сатып алды.

2022 жылғы 21 шілдеде қазақстандық «Банк Хоум Кредит» мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, атауын «Home Credit Bank» АҚ деп өзгертті.

2022 жылғы 23 желтоқсанда Иржи Шмейц ресейлік «Хоум Кредит энд Финанс Банк» ЖШҚ акцияларының 25%-ын сатып алып, қазақстандық «Home Credit Bank» АҚ-ның 34,7% үлесін иеленетін ірі қатысушысы болды.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар