-2.1 C
Алматы
Суббота, 23 ноября, 2024
spot_img

McDonald’s Қазақстаннан Путин үшін кетті ме

Америкалық аспаз компанияның Қазақстаннан кетуіне қатысты талқылау толастамай тұр. Бұдан шетелде бой тасалап жүрген саясаткерлер де сырт қалмапты.

Канаданы паналаған «ҚазАтомның» экс-топ менеджері Рүстем Тұрсынбаевтың айтуынша «мұны елдегі еттің сапасымен байланыстыру логикаға сыймайды».

Dalainside сарапшының аргументтерін арна оқырмандарының назарына ұсынады.

«McDonald’s-тың Қазақстандағы дәмханалары осы күнге дейін қажетті ингредиентті теріскей көршіден алдырып келді. Мак Ресейден теріс айналғанмен, осы компанияға ет тасымалдаған орыстың компаниясы орнында. Медведевке тиесілі Мираторг қажетті шикізатты Қазақстанға қиналмай жеткізер еді. Мәселе етте емес, сапа стандарты сылтау ғана…» – дейді ол.

Ендеше McDonald’s Қазақстанды неге тастап кетті? Бұған себеп – біздің орыспен дос болғанымыз. Путиннің сөзін сөйлегеніміз. Ресейдің сыбайласы атанғанымыз. Күллі әлем бізді солай қабылдайды.

Мак-тың елден кетуінің астарында — репутациялық тәуекелдер жатыр. Америкалық компания абыройына дақ түсірмеуді көздейді, кету туралы ұйғарымға Қазақстандағы франшизаның қожайыны, экс-президенттің құдасы Боранбаевтың тұтқындалуы да түрткі болған.

Сөй деген Тұрсынбаев «Қазақстанның әлдеқашан санкцияға ұшырағанын әрі шетелдік инвестицияға сусап отырғанын» айтыпты.

«Естеріңізде болар, бұған дейін McDonald’s-тың деңгейіндегі америкалық компания Қазақстанда ет өңдейтін зауыт салмаққа ниеттенген. Әңгіме емеуріннен әріге аспады. Елдегі инвестклиматты мұқият шолып шыққан Батыс бизнесі Жаңа Қазақстанның заңнамасынан кінәрат тапты. Елдегі саяси ахуалға талдау жасады, теріскейдегі көршісі түртпектеп отырған елде саяси тұрақтылық орнай қоярына күмәнмен қарады.

Ең бастысы «Ресейдің сыбайласымен» сөз байласудың қауіп-қатері мол боларын түсінді», – дейді ол.

Әлемге әйгілі брендтің Қазақстаннан нарығынан едел-жедел шығып кетуі әсте жақсы үрдіс емес. Қазақтар бургерсіз қалғанына қынжыла қоймас, біз үшін қыстан соғымсыз шығу сынақ.

Мәселенің әлеуметтік сипаты бар: компанияда 2 мың адам еңбек еткен-тін. Оларды қайда жібереміз? Мак-тың аналогын ашуға қазақ кәсіпкерлерінің қайсысы тәуекел етер екен?

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар