1 C
Алматы
Суббота, 23 ноября, 2024
spot_img

Қазақстан Байрақтарды өзінде құрастыруға кет әрі емес

Байрақтарсыз да Кремльдің Қазақстанға шабуылдайтын еш себебі қалмады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияда қызмет ететін, Мәскеуде тұратын DALA INSIDE дереккөзі айтып отыр.

Оның мәліметінше, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «орыс тілін дамытуға бағытталған халықаралық ұйым» туралы ұсынысы Кремльді көптеген жоспарларды қайта қарауға мәжбүрлеп отыр.

Ондағы сарапшылар стратегиялық инициативаны Мәскеуден Астана алып алды деген пікірде.

Енді Қазақстанды ешкім орыс тілін қысып жатыр деп айыптай алмайды және бізге шабуыл жасай алмайды. Дереккөз Ресей Генштабындағы генералдар Қазақстанға қарсы әскери операция жоспарын мүлдем қолдамай, одан бас тартқанын туралы айтады.

Себебі, жазық далада танк, құрлық әскерімен маршқа түсу өте ауыр. Олар Қазақстандағы АНКА дрондары үшін оңай олжаға айналады. Онымен бірге, Ресейдің Қытаймен ұрсысқысы келмейді.

Президент Тоқаев көрпені мықтап қымтауда. Енді ертең Ердоған келгеннен кейін, Астана түбінде Байрақтар мен Kizilelma дрондарының жедел өндірісін ашу жөнінде келісімге қол қоюға еш кедергі болмайды. Егер Қазақстан Байрақтар өндірісін өзінде ашатын болса, Ұлттық Қордың мүмкіндігін пайдаланып, өз аспанын толық дрондармен толтырып тастай алады. Ал қазақ балаларының компьютерлік клубтарда түні бойы жүріп, компьютерлік ойындарды жақсы меңгергенін ескерсек, бізде дронның әлемдегі үздік операторларын оңай тәрбиелеуге болады.  

https://t.me/dalainside

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар