-4.1 C
Алматы
Суббота, 23 ноября, 2024
spot_img

Күйеуім музыкант. Байбек сияқты. Сұм ғой, сұм!

Сенген күйеуім сұмның сұмы екен. Бәрін байқағыш балаларым көзімді ашпағанда, әлі күнге дейін дым сезбей жүре берер ме едім? Мейлі ғой, «еркек болған соң, еркектігін істейді де» деп өзімді қанша жұбатпақ болсам да, табанға басылған намысым жібермейді.

Бәрінен де сорақысы сол, күйеуімнің төсектестерінің талайын танимын.

Көбі ауылдың «кәрі қыздары». Араларында байы бар келіншектер де бар. Кәрі қыздардың жүрісі түсінікті, ал күйеуі бар келіншектерге не жоқ? Бір жерлері жыбырлап бара жатса, айызын қандыратын күйеуі бар емес пе? Әлде менің байым «асыл тұқымды» ма, білмеймін.

Күйеуіммен төсектес болғандардың біразы үйде қонақ болып, қолымнан шай ішіп жүргендер.

Бұл дегеннің «асыңды ішіп, аяғына түкірген» емей немене? Алғашында балаларыма сенбей, күйеуімнің өзінен сұрадым. «Рас» деп мойындаған ол, «бірақ менің еш кінәм жоқ. Мен оларға тек сұрағандарын бердім. Тойымсыз нәпсілерін қанағаттандырдым», деп қарап тұр.

Сөйтіп өзі жатқан кыз-келіншектерді жіпке тізгендей етіп санап шықты.

O тоба, мұндай да болады екен-ау. Менің көзім қайда болған?

Тіпті көрші отырып, жаңа жылды бірге қарсы алып жүрген «подружкам» да күйеуімді «пайдаланып» жүріпті. Бұдан да білмей-ақ қойғаным жақсы еді. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалдым.

Көшеге шықсам болды, күйеуімнің ашыналары сыртымнан сылқ–сылқ күліп, табалап тұрғандай болады.

Балалар болса ер жетіп қалды, оларды аяқтандыру керек. Күйеуім «әлгі әйелдердің біріне кетіп қаламын», деп қорқытып қояды. Содан іштей тынып жүрген жайым бар.

Қашанғы шыдаймын? Білмеймін. Ажырасайын десем, балаларымның болашағын ойлаймын. Үлкен таңба ғой. Онымен қоймай, өзіме де сөз келетіні белгілі. Мектептегі балаларға қалай сабақ беремін? Бірде болмаса бірде тентектеу бір оқушы: «өзіңді жөндеп ал, байыңа ие бол» десе не деймін?

Зипа Мәкенбайқызы

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар