-4.1 C
Алматы
Суббота, 23 ноября, 2024
spot_img

Найман қызбен қосылуға «Қожа» деген руым бөгет

Әке-шешем де, жалпы, туғандарым менің үйленуіме қарсы. Неге деріңіз бар ма? Мәселе менің шыққан тегіме байланысты болып отыр.

«Қожалар» неге қарадан қыз алмайды?

Мен Түркістандық Қожамын. Ал алайын деген қызымның руы Найман.

Әкем де, атам да, өзге де туған-туыстарым қажыға барған, шетінен молдалар. «Үйленемін» деп едім, «қызың қай ел?» десті туғандарым. «Осы Түркістанның найманы» деп едім. Барлығы шоршып түсті!

«Біз қожамыз, қарадан қыз алмаймыз. Қанымызды таза сақтаймыз», 

деді олар.

Алғашында жұрт менімен қалжыңдасып жүр екен деп ойлағанмын. Бақсам, олар шындап бара жатыр.

«Керек болса, Қожадан қызды өзіміз тауып береміз» дейді. Бірақ сүймеген, жақсы көрмеген қызға қалай үйленемін? «Бәрібір жақсы көрген қызымды аламын» деп қырсықпақ едім, «осы өңірде толып отырған Қоңыраттан неге қыз қарамайсың. Найманда нең бар? Олар – сайтанды алдаған қулар. Ертең басыңа шай қайнатып жүрмесін», деді бір туысым.

Қысқасы, олармен айтысудың қажеті шамалы екен.

Достарыма басымдағы жағдайды айтып едім, олар: «Сен 21 ғасырда өмір сүріп жатырсың. Руға қарау баяғының қалдығы. Туғандарың қарсы болса да қызыңды ал да, басқа жаққа кетіп қал», дейді.

Осы достарымның айтқаны дұрыс секілді. Не де болса өз сүйгеніме үйленемін. Бірақ туғандарым ақ батасын бере ме, жоқ па? Осы жағы қиын болып тұр.

Аян Мырзабек

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар