-2.1 C
Алматы
Суббота, 23 ноября, 2024
spot_img

Какой Джакишев? Ол қазақша білмейді

«Ең төменгі жалақы 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтерілсін депті. Әй, 70 мың деген не? Шынын айтқанда, ақша емес қой? Базарға бір барғанда бітіп қалады. Ал сенің төлейтін жарығың, жылуың бар, ішетін суың, жүретін жерің бар, мінетін көлігің бар. Оның бәрі ақша. Ал әкім Даниал Ахметов екі миллион теңге айлық аламын депті. Бұл дұрыс емес, әрине. Дұрысы – депутат, әкім, министрлердің айлығын азайту керек. Егер ақылы, ұяты бар болса», деген екен жазушы, заңгер, қоғам қайраткері Сәлім Өтен.

Бұл кісі былай дейді:

«Біз надан ел боп кеттік. Ақылы оқу дегеннің өзі ұят. Білім барлық жерде тегін болуы керек. Мектептен бастап институтқа дейін бәрі тегін болсын. Мұғалімдер адал еңбек ақысын мемлекеттен алсын. Мұғалімді ренжітпеу керек. Білім профессорларымыз, доценттеріміз қызығып жұмыс істеуі үшін оларға лайықты жалақы төленуі тиіс.

Қытайда кәсіпорындағы оператор 1,5 мың доллар алады, бізде 37 мың халқы бар қаланың прокуроры 400 мың теңге аламын дейді. Намысқа қалай тимейді? Ақылы білім алушыға 2-3 пайыздық несие беріледі дейді. Ал, қай банк береді 2-3 пайызбен? Болмайтын зат қой?

Мен қазір президент болуға күш салып жатырмын. Өйткені президенттіке жарайтын адам жоқ қазір. Біреулер Жәкішев дейді. Жәкішев қазақша бір ауыз сөз білмейді ғой? Ол қалай президент болады? Әблязов та қақпайды, өзі ұры таза. Қажыгелдин де кезінде ақшаны жеп-жеп, Еуропада екі банк ашып алып, тұрып жатыр. Жақиянов та қазақтың аузынан жырып жеген ақшасының арқасында Америкада тұрып жатыр».

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар