-2.1 C
Алматы
Суббота, 23 ноября, 2024
spot_img

Го минэт! Пашинян Путинді боқтап жіберген

Путинмен соңғы телефон әңгімесінде Армения Премьер-Министр Никол Пашинян ауыр сөздерге, эмоцияға ерік берген. Ол туралы ОДКБ секретариатындағы DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.  

Әзірбайжаннан таяқ жеп жатқан Армения арадағы қақтығысқа ОДКБ-ның араласуын сұраған болатын. Оған Путин көмек бере алмайтынын айтты. Себебі, Украинадан масқарасы шығып жеңіліп жатқан Ресейдің өзіне болашақта көмек керек болуы мүмкін. Қазір Ресейде Арменияға қолдау білдіретін еш мүмкіндік жоқ. Қазақстан принципиалды түрде Арменияға аттап баспайды. Себебі, ол Әзірбайжанмен бірге Түркі Одағының мүшесі болып табылады.

Қазақстан 2-3 жылдың көлемінде ОДКБ-дан шығып, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түркиямен жаңа әскери одақ құрмақ. Сондықтан Қазақстанға Әзірбайжанның Лашын коридорын жасап, Нахичеван анклавына тікелей жол тартуы аса маңызды. Әзірбайжан Нахичеванмен қосылса, онда Әзірбайжан мен Түркияда біртұтас шекара болады. Каспий теңізі арқылы Қазақстан, Қазақстан арқылы Өзбекстан да осы біртұтас системаға қосыла алады.

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан үшін Арменияның барынша таяқ жегені стратегиялық тұрғыда қажет. Ресей де Арменияға аса бір ілтипатпен қарап тұрған жоқ. Путин Пашинянды аса ұнатпайды. Одан бөлек — Армения ешкімге қызық емес, стратегиялық ресурсы жоқ, ешқандай рөл ойнамайтын мемлекет. Оған қазіргі жағдайда Путин тіпті бір солдатын да құртқысы келмейді.

Армян депутаттары Ресейге қыр көрсету үшін «Біз де ОДКБ-дан шығамыз» деп мәлімдеуде. Бірақ, ОДКБ-дан кетсе, Армения тіпті ешкімге керек болмай қалады. Оған ешкім көмектеспейді де.

ОДКБ — фарстан құралған псведоәскери ұйым. Оның екі мүшесі — Тәжікстан мен Қырғызстан өзара соғысуда. Әскери ұйымдар тарихында мұндай масқара бұған дейін кездеспеген еді. 

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар