-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября, 2024
spot_img

Қазақ тілін менсінбеу өте қауіпті

Соңғы кездері билік қазақша сөйлегісі келетін қазақтарды «үңгір», «популист» деп мазақтай бастады. Ол халықтың намысына тиюде.

Осы ретте тіл мәселесінің халықты көтере алатын күшке ие екенін ескеру керек. Орыс тілі туралы сөзді Конституциядан алып тастау туралы бастама көтерілгенде, соған қарсы, орыс тілін жақтайтын петиция пайда болған еді. Сол петицияда қарсы дауыс бергендердің саны жақтастарға қарағанда үш есе көп болған. Кейін петиция авторының өзі сол құжатты тез құртуға тырысты. Бұл нені білдіреді? Қазақстан халқының көпшілігі — қазақтілді қазақтар.

Осы ретте, кез-келген нәрседе орыстілді азаматтардың саяси инерттілік білдіріп, қалыс қалатынын, көшеге шықпай қоятынын ескеру керек. Оларға арқа сүйей алмайсыз. Себебі сын сәтінде жоқ болып кетеді. Олар ұйымдаса алмайды және өз ұстанымын күшпен болса да аяғына дейін қорғауға дайын емес.

Ел басына сын туғанда, Президентке қатер төнсе оны қорғайтын тек өз қазақтары.

Біздің электоралды үлкен күш те қазақтілді қазақтар. Қазір олар өз балаларына күштеп орыс тілін оқытып жүргеніне аса риза емес. Қазақтар ғаламдық ұлт болғысы келеді, орыс тілін ағылшын тілімен алмастырғысы келеді. Осы жолда ағарту министрі халықтың пікірімен санасып, оңды қадамдар істей бастаған. Оны президент «популистерді» тыңдайды деп, Ресейге жығып бере салды. Бұл стратегиялық қателік еді.

Қазақтілді электоратты оның алдындағы президент те көп ренжіткен. Ақыры жақсы болмады. Алдағы сайлауда нағыз ұлтжанды азаматтардың бірі өз кандидатурасын ұсынса, қазақ балаларына орысша оқудың қажеті шамалы десе, Ақорда үшін соққы күтпеген жерден келуі мүмкін.

Тіпті Аймағамбетов сайлауға түссе, таза демократия режимі жағдайында 100 пайыз президент бола алады. Дәл қазір қазақтілді қазақтар Тоқаевқа қарағанда Аймағамбетовты жақын тарта бастады.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар