-2.1 C
Алматы
Суббота, 23 ноября, 2024
spot_img

КВН ұйымдастырушысы облыс басқарып отырған шалдарға шүйлікті

КВН ұйымдастырушысы Есен Елеукен «жасы келген шалдардың бір облыстан келесі облысқа әкім қылғаннан халыққа пайда жоқ» деп ойын ашық айтты. Күні кеше ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектін тыс сайлау өтетінін жария еткенін кейін жұрттың бәрі «президенттік амбициясын» көрсете бастағандай. Қалай ойлайсыздар, Есен Елеукен Зеленскийдің жолын қайталай ала ма?  

Осы біздің мемлекеттік қызметке, басшылыққа міндетті түрде сол салада білімі бар адамды тағайындау міндет пе? Негізі бірінші басшының міндеті саланы білу емес, ұжымды ұйымдастыру, қаржы көзін тауып, қамтамасыз ету емес пе еді?

Олай болса бізде қартайып, қаусаған шалдарды әр облыстан облысқа, министрліктен министрлікке таси бергеннен не шығады? Осы кезге дейінгі жұмысы оңбай отырғанын қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалдан көрініп тұрған жоқ па?

Одан да жас, мемлекеттік қызметте тәжірибесі аз болса да, ұйымдастырушылық қабілеті сыналған, білікті менеджерлерді әкелетін кез жеткен сияқты.

Дәл қазір қымбатшылық қысып тұрған кезде, халықпен байланысты нығайтып, өзінің әлеуетін көрсететін менеджерлердің нағыз керек шағы. Оларға карт бланш беріп, осынша уақыт ішінде бәрін шик қылыңдар десе, әркім өз идеясы үшін жүгірер емес пе?

Кризис менеджерлер халықтың наразылығын жасырғыштар емес, наразылық туындаған мәселені шешу еді ғой.

Кезінде каспий банктен жаман банк жоқ еді, қазір онсыз өмір сүре алмайын деңгейге жеттік. Демек билік сарайының сыртына да көз салып қойған жөн шығар…

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар