Тоқаевтың президент лауазымындағы алғашқы жарлығымен-ақ Нұр-Сұлтан бола салған кешегі Астана – үлкен мүмкіндіктер қаласы. Соңғы жылдары бұ қалаңызға жан-жақтан «ақ боз атты ханзададан» дәмелі жас қыз-қырқындар ағылып келуде.
О жақтан оңды жұмыс тапса, шүкір дейік. Немесе біреу әйел етіп алса тіптен жақсы. Әйтпесе жас қыздар Қазақстанда кеңінен етек жайып кеткен секс-индустрияның онсыз да жетіп-артылатын қатарын толықтырады.
Қу заман-ай, көрмейін десем, көзім бар: интернетті ашып, «жезөкшелер» деп жазсаңыз, түрлі бағалары мен ұсыныстарымен сан-қилы сайт шыға келеді.
Сондай сайттардың біріне хабарласып, өзін Альмира деп атаған қызды кездесуге шақырдым. Журналист екенімді білген соң, көңілі түсіп қалды. Бірақ әрең дегенде ашық әңгімелесуге көндірдім.
Альмираның анасы бар, әкесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған екен. Анасы Маңғыстау өңірінің Шет ауылында асханада жұмыс істеген. Анамның айлығы аз еңбекақысы төмен болғандықтан ақша әркез жетпейтін, дейді ол. Сондықтан мектеп бітіре салысымен Астанаға жол тартып, жақсы жұмыс тауып алуды жөн көріпті.
Жарнамалық газеттерді, ғаламторды қарап, талай кеңсенің есігін тоздырдым. Бірақ тәжірибесі жоқ, кәмелетке толмаған, жоғары білімі жоқ қыз ешкімге керек емес, — дейді Альмира.
— Бірде «Ақысы жоғары жұмыс, жас қыздар қажет» деген жарнаманы көзім шалды. Хабарласып едім, нақты ештеңе айтпады, тек мекен-жайын берді. Келсем, кеңсе дегендері ықшамаудандағы пәтерлердің бірі болып шықты. Өзін Зуля деп таныстырған әйел қарсы алды, пәтерде әдемі киінген, күтіп-бапталған тағы бірнеше қыз отырды. Зуля немен айналысу қажеттігін айтқанда ойланып қалдым. Бірақ табысың жоғары болады деді.
Амал жоқ, ақшадан әбден қиналған едім
Ертеңінде Зуляға жұмысқа шықтым. Бірінші клиентім 45 жастағы қалталы еркек болды. Төсек қатынасының қалай болғанын айтпай-ақ қояйын, бірақ маған мүлдем ұнаған жоқ. Әлгі кісі денемді мытып, кеудемді қысып, әбден зықымды шығарды. Ауырсындым. Маған өзге қыздар ішімдік беріп, «емдеді». Алғашқы табысым — 150 доллар. Үйге келіп, 2 сағатқа созылған қорлықты ұмытқым келсе де, екі-ақ сағаттың ішінде тапқан табысым көңіліме жылу ұялатты.
Осылайша мен жезөкше болдым. 7 қыз жұмыс істейміз. Күндер өтіп жатты. Неше-түрлі жағдайлар болды. Оңай емес. Клиенттер әртүрлі. Қайырымдысы да бар, бірақ мейірімсіз, қаталдары көбірек. Ондайда бір-бірімізге жылап алатынбыз. Дегенмен адам бәріне үйренеді екен. Бір айдан соң клиенттерді санауды қойдым. Табысымның жартысын анама жіберіп тұрдым, жақсы пәтер жалдадым, қымбат киім-кешек алдым.
Жаңағы «фирмада» жүріп, тапқанымның жартысын бергенше, енді өзіме жұмыс жасайын деп жақында бөлек кеттім. Танысқан тұрақты клиенттерім бар. Олардан босаған уақытта өзге клиенттерді түнгі клубтардан, қымбат мейрамханалардан, түрлі жиындардан табамын. Бет-әлпетімнің сүйкімділігінен бірден көзге түсемін. Біраз отырған соң бағамды айтамын. Сағаты 200 доллар. Кейде түнгі клубтарда жас жігіттерге әжетханада «жыныс мүшесін» қанағаттандырып, «оралный сексті» 100 долларға жасаймын.
Біздің жұмыста қауіпсіздік шараларын ұмытпау керек. Тек қана қонақ үйлерге барамын. Мысалы, бірде клиенттің үйіне барғанымда менің жұмысыма төлемек түгілі, ақшам салынған қол сөмкемді тартып алды, өзімді ұрып-соғып, жыныстық қатынасты телефонға түсіріп алыпты. Кейіннен оны әуесқой бейнеролик ретінде сайтқа салып қойыпты, – деді Альмира өз әңгімесінде.
Ұққанымыз, әзірге Альмира өзінің өлшемі бойынша жақсы тұрады. Басқа жұмыс істегісі жоқ. Болашағын әзірге терең ойлаған емес. Бірақ көкейінде жақсы ер-азамат кездестірсем, деген арманы да жоқ емес…