-6.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября, 2024
spot_img

ОДКБ мұздады

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Ереванның ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол France 24 телеарнасына берген сұхбатында жеткізді.

Сұхбатта Никол Пашинян Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт орындалмағанын атап өтті. 

«Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмады. Бұл мәселе біздің назарымыздан тыс қалмады. Біз осы шартқа қатысуды тоқтаттық. Ары қарай не болатынын көрейік», — деді Пашинян сұхбатында.

Армениядағы Ресей әскери базасының жабылуы мүмкін деген сұраққа Пашинян «қазіргі уақытта бұл туралы әңгіме жоқ» деп мәлімдеді.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар