-6.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября, 2024
spot_img

Сыйлықты Борейконың табыс ететін жөні бар ма?

Кеше Алматыда БАҚ нарығын дамыту бойынша 15-ші жыл сайынғы салалық медиақұрылтай өткен. Онда Михаил Дорофеев атындағы сыйлық алғаш рет табыс етілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сыйлық медиа салада кәсіби тұрғыда еңбек етіп жүрген майталмандарға беріледі.

Тұңғыш тағайындалып отырған сыйлыққа кинорежиссер, YouTube-тегі «Просто журналистика» арнасының негізін қалаушы, «Абырой» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі атанған журналист Лұқпан Ахмедияров лайық деп танылды.

Алайда, орыстілді ортада бұған көңілі толмағандар табылып, сыйлықтың соңы скандалға ұласыпты.

Әлемжеліде жазба қалдырған журналист Юрий Масанов «Дорофеев өз сыйлығының жеңімпазын таңдау мүмкіндігі болса, жас, бірақ болашағынан үміт күттіретін, мамандығымыз – журналистиканы жаңа сапалы деңгейге көтеруге ұмтылатын адамды таңдар еді деп ойлаймын. Мен Қазақстанда журналистиканың болашағы жарқын екеніне нық сенемін және оған жас тілшілер, сарапшылар, дикторлар, фотографтар, операторлар және басқа да көптеген мамандық иелерінің арқасында жетеміз…» депті.

Бәлкім, ойы дұрыс та шығар. Қазір қоғамда пікір алуандылығы бар. Білуімізше, кейбір әріптестеріміздің дәл осы марапаттың Ахмедияровқа берілгеніне көңілі толмайтын сияқты. Шынында да, «кәрі қасқырға» емес, медиа саласында шыңдалып келе жатқан жас журналист таңдалса, қай жағынан да орынды болар ма еді. Ол «Шекарасыз репортерлар» халықаралық құқық қорғау ұйымы берген Питер Маклер атындағы халықаралық сыйлықтың иегері де.

Ең қызығы, бұл марапатты Вадим Борейконың табыстағаны. Осындай салмақты сыйлықты табыс ететін журналистика өкілі жоқ па? Қазақстанның медиасаласында жемісті еңбек етіп жүрген тек Борейко ғана ма? Бұл шешімді кім қабылдады және қандай критерийлерге сүйенді? Белгілі журналист Гүлбану Әбенова да осыған акцент берген екен.

Бізге керегі – сыйлық та өз иесін тауып және оны лайықты азамат табыс еткені ғана.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар