-3.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября, 2024
spot_img

Қазақстан вейпке тиым салғысы келсе, Еуропа вейпті тиімді пайдаланып отыр

11 қазанда өткен Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар қайтадан Үкіметті асықтырып, вейпке тиым салу мәселесін көтерді. Бірақ осы асығыс шешім түбі мемлекетті жарға ұрындырмақ.

Қазақстандағы депутаттар вейпті мүлде тиым салып тоқтатамыз десе, Еуропа елдері керісінше дұрыс ғылыми жолмен жүріп келеді. Олар алдымен вейптің денсаулыққа нақты әсерін, оны тиым салса орын алуы мүмкін проблемаларды зерттей бастады. Көп зерттеулер вейп шылымға қарағанда ағзаға жеңіл, сондықтан адам шылымды тастамаса, вейпке көшу арқылы зардабын жеңілдете алатынын дәлелдеді. Халықаралық сарапшылар да, өз кезегінде Қазақстанға асықпай, оқыс шешім емес, зерттеу, ғылыми жолмен жүруді ұсынып отыр.

Мысалы, Швецияда ұзақ жылдар бойы шылым шегумен күресіп жүрген Smoke Free Sweden қозғалысының сарапшылары Қазақстандағы Денсаулық сақтау министрлігінің бұл регрессивті қадамына алаңдаушылық білдірді.

«Ол вейп пен никотин снюстары сынды қазіргі заманғы өнімдерге прогрессивті көзқарасты қабылдаған кейбір елдердің ұстанымы мен осы бағыттағы жетістіктеріне қайшы келеді», — дейді, қоғамдық денсаулық қорғаушысы және Smoke Free негізін қалаушы, доктор Делон Хьюман.

Оның сөзінше, дүние жүзінде никотиннің баламалы өнімдері темекі шегушілерге темекіні тастауға мүмкіндік береді және сол арқылы миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесуде. Олардың темекіге қарағанда зияны кем дегенде 95%-ға аз екендігі дәлелденді. Вейптер темекіні тастаудың ең тиімді жолы болып табылады. Осы өнімдерге тыйым салу темекі шегу салдарынан қайтыс болатын адам санын көбейтпек.

Доктор Хьюманның пікірінше, алдағы бірнеше айда Швецияда темекі шегу үлесі 5 пайызға төмендемек. Қазақстан Швецияның осы тәжірибесін қолданса болады. Швеция бұл мақсатқа қол жеткізу үшін шылымды вейп пен никотин снюстарына алмастыруға бағытталған саясат жүргізіп, болжанған межеге 17 жыл бұрын жеткен Еуроодақтың алғашқы мемлекеті болып отыр. Қазір Швеция темекі түтінінен азат ел болып саналады.

Осы тәсілдің тиімділігін көрсету үшін Smoke Free Sweden «Швед тәжірибесі: темекіден азат қоғамға жол картасы» атты зерттеуін жариялаған. Онда Швецияда Еуропалық Одақтың басқа елдерімен салыстырғанда темекі шегуге байланысты өлім 44%-ға, қатерлі ісік ауруы 41%-ға және қатерлі ісіктің кез келген түрінен келетін өлім 38%-ға аз екені айтылады.

«Швеция қазір басқа елдерге үлгі болып табылады. Мысалы, Ұлыбританияның денсаулық сақтау қызметі темекі шегушілерге темекі шегуді тастауға көмектесу үшін тегін вейп жинақтарын ұсынуда. Олардың үкіметі «Шылымды тастау үшін алмастыру» бағдарламасын қаржыландыруда», — дейді, доктор Хьюман.

Қазір АҚШ та Швеция тәжірибесін зерттей бастады. Оңтүстік Каролинадағы Холлингс қатерлі ісік орталығының зерттеушілері темекі шегуден көрі вейпке ауысу ағзаға зиянды азайтатынына көз жеткізген. Сарапшылардың пікірінше, темекі шегудің баламалы жүйелеріне ауысу Швецияда жыл сайын 3400-ден астам адамның өмірін сақтап қалады. Ал Қазақстанда ол қанша адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін екені белгісіз. Республикада ешқандай кешенді зерттеулер жүргізілген жоқ.

Еуропа адам өмірін сақтауда үлгі десек, олар жетістікке тиым салу емес, зерттеп, қорытынды жасау арқылы келіп отыр. Біздің депутаттар мен Денсаулық сақтау министрлігінің вейпке тиым салуға асығып отырғаны байқалады. Бірақ тиым салды деу, вейп жоғалады дегенді білдірмейді. Тек енді нарығымыз сапасыз контрабандаға толмақ. Оның зардабын өскелең ұрпақ шегетіні түсінікті.

«Қала мен Дала» газетінің бас редакторы, белгілі журналист Думан Бықайдың ойынша, мәселе түбегейлі, жан-жақты зерттелгеннен кейін ғана шешім қабылдануы тиіс. Әзірге Үкіметке вейпке тиым салу бойынша мәселені кейінге қалдырып, тараптар уәжіне құлақ асқан жөн.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар