-1.1 C
Алматы
Вторник, 3 декабря, 2024
spot_img

Көлеңкелі темекі нарығы — Үкімет назар аударуы тиіс мәселе

2023 жылы Қазақстанда көлеңкелі темекі айналымының көлемі 9,1%-ға дейін өскен. Ол туралы Nielsen агенттігі жүргізген зерттеуде айтылады.

Зерттеу кәдімгі қаптамадағы темекілер бойынша өткізілген. Мысалы, Қазақстанда темекінің көлеңкелі айналымы 2021 жылы 3,3%, ал 2022 жылы 6,3 пайызды құраған еді. Nielsen зерттеудің алдын ала нәтижелері, 2023 жылы Тараз қаласында әрбір бесінші темекі қаптамасы, Петропавл және Семей қалаларында әрбір алтыншы қаптама көлеңкелі болған. Қостанай, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында 2022 жылмен салыстырғанда көлеңкелі темекі айналымы айтарлықтай өскен. Ал, Астана, Көкшетау, Қызылорда қалаларында темекінің көлеңкелі айналымы қалыпты деңгейде болған.

Сарапшылардың дерегінше, Қазақстандағы темекі нарығының көлемі жылына шамамен 20 миллиард дананы құрайды. Оның ішінде, 1,8 миллиард дана темекі заңсыз әзірленген. Ол — 91 миллион қорап.

Осы көлеңкелі бизнес үлкен экономикалық зиян тигізіп отыр дейді, «QazSpirits» ЗТБ атқарушы директоры Дмитрий Жуков.

«Экономикалық зиянын есептесек, осының қырсығынан мемлекеттік бюджет 32 миллиард теңге салықтан айрылды. Оның ішінде, 2023 жылға арналған акциз ставкасы 1000 данасына 14 100 теңге екенін ескерсек, шамамен 25 миллиард теңге акцизден жоғалтты. Оған қоса 7 миллиард теңге қосымша құн салығын ала алмады»

Дмитрий Жуковтың ойынша, бұл реттеуші және қадағалаушы органдар байыппен қарауы тиіс үлкен проблеманың шетін шығарып отыр. Қазақстанда заңсыз темекінің өсу қарқынына назар аудару керек. Ол үшін құзырлы органдар тарапынан темекінің көлеңкелі айналымын бақылау және азайту бойынша кешенді шаралар қажет болып отыр.

Html code here! Replace this with any non empty raw html code and that's it.

Басқа да қызықтар

Телеграмға өтіңізspot_img

Мықты оқылатындар